Біз екеуміз

Біз екеуміз. Қазыбек-Жәннат. Суретті салған Мақсат Бексұлтанов

Жиырмасыншы қараша

20.11.2011. – бұл не дерек?
Бірдей келген күн, ай, жыл-бір керемет!
Кездеспейді дәл бұлай күндер ерек.
Осынау бір ғажайып қоңыр күзде,
Қоңыр қызбен пойызда бірге кеп ек!..
Жаратылыс жарқ еткен мүлде бөлек,
Қайталанбас сол ғажап күн керемет,
Іңкәрлықтан тұратын інжу әлем,
Келеді әлі біздерді нұрға бөлеп…
Аққуларға айтқызған аспанда әнді,
Махаббатқа жазылар дастан мәңгі.
Жәннат деген атыңды естігеннен,
Жәннаты да өмірдің басталған-ды…
Көңілім бір күмбірлі күйге оранды,
Келін күткен ойладым үйде анамды…
Түркістанға беттеген сол бір сапар,
Сезімдерге қасиет сыйлаған-ды…
Иітетін иманды санасына,
Даралығы лайық даласына,
Төрт ғаламды шарласам таппайтын қыз,
Төрт баламның айналды анасына…
Жиырмасыншы қараша!
Сыйың ба бұл?!
Керім қызға керемет қиылған ұл…
Қанат бітіп, қалықтап ұшатындай,
Құйылған- ды көңілге құйын дауыл.
Бір-ақ рет болатын бұл өмірде,
Біз кездескен бұл күнге – жиырма жыл!

Қазыбек Иса

5 пікір жазылған

  • Жаратылыс жарқ еткен мүлде бөлек,
    Қайталанбас сол ғажап күн керемет,
    Іңкәрлықтан тұратын інжу әлем,
    Келеді әлі біздерді нұрға бөлеп…
    Аққуларға айтқызған аспанда әнді,
    Махаббатқа жазылар дастан мәңгі.
    Жәннат деген атыңды естігеннен,
    Жәннаты да өмірдің басталған-ды…

  • Аға өлеңіңіз керемет… Аллаға мыңда бір мадақтар болсын,осындай адал жар,ақылды перзентеріңіз барына. Махаббаттарыңыз мәңгі болсын.

  • Бірде кітапханада отырып Болат Үсенбаев деген ақынның бір өлеңін оқыдым.
    «Бауырыңа тарт жатсынба пенде еш бірін,
    Сүрінгенге сүйеу бол селбес күнім.
    Тек тоғышар ойлайды тойынуды,
    Ал ақымақ ойлайды өлмес күнін..»,- деген шумағы есіме түсіп отыр. Қазыбек аға мен сзді ұлт жанашыры ретінде де жақс білемін. Қаламыңыз қарыштап соңыңздағы інілеріңізге үлгі болып жүре беріңііз.

  • АРЫС ЖАҒАСЫ .

    Вальс ырғағы Сөзі , әні .
    Серікбай Маханұлынікі .

    Толқын боп нұрлы ағыстан ,
    Сайрайды бұлбұл Арыстан .
    Шәмшінің аңсап әндерін
    Келеміз іздеп алыстан .

    Қайырмасы :
    Басталды өнер жалғасып ,
    Бақытқа сенім самғатып .
    Арыстың мөлдір жағасы
    Шәмшінің әнін тыңдатып ,
    Самалмен Сырды шарлатып .

    Арыстың суы шекер бұл ,
    Ағады тынбай жылма – жыл .
    Ғашықтар үшін жаралған
    Жайнайды шалғын «торанғыл» .
    Қайырм асы :
    Қарашы бүгін жаз күнін ,
    Арысым қандай жан құрбым .
    Бесігін тербеп махаббат
    Сыйлайық әнмен наз гүлін .

    Қайырмасы :

Пікір жазу