Шағалалы Шардара

«Шағалалы Шардара» әніне сурет.   Өлеңі – Қазыбек Иса, әні-Қалдыбек Құрманәлі. Орындаушы – Жұбаныш Жексенұлы. Картина авторы- Мақсат Бексұлтанов.

12 пікір жазылған

  • АЛТЫН ШАҢЫРАҚ .

    Көтеріңкі , өрлетіп .
    Сөзі , әні .
    Серікбай Маханұлынікі .
    Көк тәңірге қол создырған Алтын шаңырақ ,
    Бостандықтың жолын аңсап өткен көп қазақ .
    Басын қосты саясында — ел бірлігімен
    Бабалардың рухыменен жанған шам – шырақ .

    Қайырмасы :
    Шаңырағым орнатылған қашаннан ,
    Алтын тағым Отаным боп атанған .
    Бүгін қандай жаңарасың Темірлан
    Гүл бөленіп жер бетіне оранған ,
    Айналайын тыныш өмір заманнан .

    Үш кереге тік көтеріп тұр шаңырақты ,
    Билер сөзі өшпес мәңгі Күн жарқыратты .
    Жеті жарғы — заң бастауы ақ босағаңнан
    Жер киесі Темірланым ән шарықтатты .

    Қайырмасы :
    Көк жүзіне көтерілдің нұр шаңырағым ,
    Саған деген таусылмайды бар махаббатым .
    Кешір мені туған жерім арманым көп қой
    Жүрегімнен соғып жатыр бір тамшы қаным .

    Қайырмасы

  • ҚОЙМАЙАҚ ҚОЙ ЕСКЕРТКІШ !

    (досым Бөріхан Тәменовке)

    «Кеудеңнен кесіп бір досым ,
    Қояйық деді ескерткіш !
    Өнерге талай жыр қостым
    Емес қой ақын көрсеткіш
    Оландым өзім толғандым .

    Өлеңге бір сәт қараңдар ,
    Белгісін берді күйініш?
    Миымда тола санам бар
    Шабыттан болған сүйініш
    Таңқалма маған адамдар!

    Тас мүсін тұрар сән болып,
    Көктемгі түнгі ауадай .
    Азанғы таңға нәр толып
    Аспаннан жаңбыр жауадай.
    Тазалап бәрін жаңартып.

    Кірлеме көңіл былғанып ,
    Ескерткіш тұрсын жаңарып .
    Шыңдалған сөзден жыр қалып
    Тұлғасын тізді бар «алып» .
    Тарихқа тағдыр жар салып .

    Тірімін әзір асықпа ?
    Жазайын өлең дұрыстап .
    Қатарға тұру лайықпа ?
    Шашайын шашу уыстап !
    Маржанын сеуіп халыққа .

    Іздейін жырды бұлақтан
    Ұйқыдан ойды оятып .
    Көмейге келген сұрақтан
    Шалқысын шіркін ой артып .
    Шуағын төгіп қыраттан !

    Қоярға кәзір қақың жоқ ,
    Өмірден ақын өлмейді .
    Қайғымен өткен ақын көп
    Өлгеннен кейін іздейді.
    Халқымен бірге ел болып !

    Әзірге өзім тірімін ,
    Поезия берген шабыттан .
    Өлеңнің тосқан пірімін
    Ескерткіш толған табыттан
    Көрсетпе ақын өлімін ?!

    Өлмейтін бірақ пенде жоқ ,
    Мылжыңдап жүрер мазағын .
    Шындықты айтар әкім жоқ
    Өткірлеп өлең жазайын .
    Ол жерде маған орын жоқ !

  • ШАРДАРА АҚ ТАҢЫ .
    Жеңілдетіп . Әні мен сөзі
    Серікбай Маханұлынікі .

    Шардараның жарқырайды ақ таңы ,
    Кең даладан сулар толқып аққаны .
    Мұнар құмдар , сағым қуған айдын боп
    Көк жиектен нұрлы күннің атқаны .

    Қайырмасы :
    Толқыған теңіз тербеліс ,
    Еңбекпен ерлер жеңген іс .
    Айдының бүгін Шардара
    Неткен бір ғажап өзгеріс .

    Нұр сәуледен шашылады шашулар ,
    Сыр бойынан қалықтайды Аққулар .
    Жарқыраған шам –шырағым Шардара
    Жағаңда жүр әнін салып Арулар .

    Қайырмасы :
    Маржан тізген ақ күріштен Шардара ,
    Әйгілісің ақ алтынды нар қала .
    Қызыл құмның шөлдеріне өң беріп
    Гүл оранып тербелесің бар дала .

    Қайырмасы :

  • ТЫҢДА ЖҮРЕГІМ .
    Жүр едім мықтыма деп жан жүрегім ,
    Жүдедім ағысыңа қан қорегім .
    Абыржып тұрғаныңды сезінемін
    Айтқызбай дәл өзіңе не керегін ? !

    Кінәм жоқ саған айтар бәрін білген ,
    Махаббат тәттілігін дәмін берген .
    Сыйқырлы тамырларың сым секілді
    Ток жүрер қызыл қанмен дірілдеген .

    Шаршама , абыржыма қайран жүрек ,
    Түнертіп орнатпағын қара түнек .
    Соққылап сұққылайсың , ойнақтайсың
    Жұп – жұмыр бауыр етті қайта түзеп .

    Қанша рет қуандырдың таңғалдырып ,
    Көтердің қайғы – дертті таң атқызып .
    Білемін шешілмеген салмақ барын
    Кеудемді мазалайсың сең тұрғызып .

    Қайтемін жан тәнімді жараласам ,
    Не болам бір өзіңе қарамасам ?
    Жүйкемді тоздырмашы жүн етіп
    Құр бекер неге жүрмін жарамасам .

    Қоқытпа аласұрып қан жүрегім ,
    Күрестім тіршіліктен қалжырадым .
    Ақынға сен керексің , тыңда сөзді
    Өмірге өлең болсын қалдырғаным ? !

  • ТАБИҒАТ СЕЗІМ .
    Нұрлы шуақ табиғат – сана сезім ,
    Барлығы да есімде бала кезім .
    Айналайын жерімнен , туған елім
    Аялайын өлеңмен – тола сөзім .

    Қандай ыстық туған жер топырағың ,
    Қуанышқа кеудемді толтырасың .
    Жастық шағым бал – шырын табиғатым
    Еркелетіп суыңмен қандырасың .

    Өзгеріспен заманым қандай жарқын ,
    Табиғаттан талай рет алған нарқын .
    Бір Алладан жаралған барлық пендем
    Керек етпес өмірге жалған ақын .

    Шындық жолын бастадым ақиқаттан ,
    Ақын болып уағыздап шариғаттан .
    Сырға толды сезімім шаттықпенен
    Нәр аламын мәңгілік табиғаттан .

  • ӘН ІЗДЕП ЖҮРМІН .

    Ән іздеп жүрмін әр елден
    Ғасыры жаңа
    әлемнен
    Санама ойды тербетіп
    Ер жетіп өсіп келем мен .

    Сырлары көп қой бұл саздың ,
    Неліктен әуен бұлтардың .
    Сабағын беріп ұстазым
    Бағасын қойды жылдардың .

    Ғасырлар жылжып өткенде ,
    Жұлдыздар ақты төменде .
    Ақын мен сазгер ән жазды
    Құдірет қонған өлеңде .

    Дауылпаз үні шарықтап ,
    Шақырды сазды анықтап .
    Құрманғазы күй шерткендей
    Дүние кетті жарық боп .

    Домбыра қазақ сөйлесін ,
    Жол тауып әнге үн берсін .
    Мектепке келдім көруге
    Ноталар қандай күйдесің .

    Нотаны білген жақсы ғой ,
    Үлесін әнге қосты ғой .
    Сыйқырлы жеті дыбысқа
    Құлағын әлем тосты ғой .

    Кезінде ата Қорқыттың ,
    Қобызын күйге толқыттың .
    Өнермен тілін сайратып
    Өмірге қайта жолықтың .

    Домбыра мен Баян тұр ,
    Қазаққа үні аян бұл .
    Дыбысы шығар сызылып
    Көңілге қонып арман жыл .

    Қарасаң бүгін тамаша ,
    Үйрендік сазды жаңаша .
    Мектебім менің жыл сайын
    Өрлейді көкпен таласа .

    Өмірге өнер ұсынып ,
    Сұңқарын жылда ұшырып .
    Оқуды жақсы оқыйық
    Тұрмайық бекер қысылып .

    Басталды жаңа ғасырым ,
    Еш нәрсе қалмас жасырын .
    Нұрғиса жолын нық ұстап
    Берейік әннің асылын .

    Ән деген ойға жан азық ,
    Бойларың өсер жаңарып .
    Жүрекке ұясын салады
    Сыйқырлы сазға оранып .

    Саз еді менің арманым ,
    Жаңадан бір ән арнадым .
    Мектебім менің ұстазым
    Алғысың болсын алғаным .

    Дауысын ашар әншінің
    Іздедім әнін Шәмшінің , .
    Шырқашы досым үйреніп
    Қазақтың барлық әндерін .

  • МЕН ҚАЗАҚПЫН .
    Мен қазақпын қаным таза жаралған ,
    Ар жолында еркіндіктен нәр алған .
    Анашымның ақ сүтінен ем қонып
    Бесік жырым , ана тілмен таралған .
    Жерлерім бар шексіз жатқан кең байтақ ,
    Ойлап қара Ей , азамат сен байқап .
    Қаратаудан көш тізбегі тізіліп
    Елім – айға зарлап өткен бар аймақ .
    Алашым деп , жауларынан сақтанған ,
    Ел бірлігін бабаларым басқарған .
    Атқа қонды , жерін қорғап ұран сап
    Жігерленіп Ер намысын атқарған .
    Көз жіберіп қарап көрші тарихқа ,
    Өтті талай қан төгістер анық па ?
    Мың бір өліп , қайта жасап тіріліп
    Нар қазағым қайыспады азапқа !
    Мен қазақпын , берік туған тілім бар ,
    Шүкір еттім бостандықта дінім бар .
    Тәуелсізбін ешкімдерге жалынбай
    Иелік еткен егемендік елім бар .
    Қайталаймын мен қазақпын есейген ,
    Ел Ордасы Астанам бар көркейген . Алға , самға Қазақстан Әнұран – Көкке Туым , Елтаңбамен өрлеген !
    Мақтанамын Нұр Отаным мен бүгін ,
    Таңғалдырып , табындырып жер жүзін .
    Әділетті қорғап өткін қазағым
    Бұлт шалмасын елімізде күн көзін .

  • ДҮНГЕН ҚЫЗЫ .
    Жоғары екпін . Сөзі , әні .
    Серікбай Маханұлынікі .

    Талай қыздың сұлулығын көргенбіз ,
    Сырың жұмбақ еркелеген Дүнген қыз .
    Жаратылған нәзік сезім мөлдір көз
    Тарбағатай тау елінен келген қыз .

    Қайырмасы :
    Көз жанарың жарқырап ,
    Магниттей боп тартқылап .
    Дүнген қызы қарайсың
    Атқан таңдай алаулап .
    Бір қазақтың тілегін
    Қабыл алғын жүрегін .

    Бақыт таңын ойланамын енді мен ,
    Шырқатайын шарықтатып әнді мен .
    Күн көзінен гүл оранған Дүнген қыз
    Бар арманым бірге болу сенімен .

    Қайырмасы :
    Басылмайсың көңіл шіркін сергімей ,
    Іздесемде табылмайды қыз сендей .
    Жерің жәннәт Тарбағатай даласы
    Қалай жүргем Дүнген қызын мен білмей .

    Қайырмасы :

  • ҚЫМБАТШЫЛЫҚ ӘНІ .

    Мұңлы . Сөзі , әні .
    Серікбай Маханұлынікі .

    Сұрасаң жағдайын халықтан ,
    Құтылмай қойды ғой нарықтан .
    Тоқшылық еліме орнады
    Отаным қымбат қой Қазақстан .

    Қайырмасы :
    Қалайсың депутат мырзалар ,
    Уәде көп — үміт жоқ сарғаяр .
    Нан қымбат, тұрақсыз отын – су
    Барасың өршітіп бағалар .

    Сатасың саудамен мұнайын ,
    Елу ел қарайды күн сайын .
    Кәсіпкер көбейді алшаңдап
    Есіріп , ұмытып Құдайын .

    Қайырмасы :
    Айлығың жетпейді тырнақтап ,
    Ар – ождан кетпесін қымбаттап .
    Үш есе артты ғой ел мүлкі
    Нарықтар қалмасын тұрақтап .
    Қайырмасы :

  • Казыбек акын озине лайык нагыз казак аруын тандаган екен. Ризамын Казеке! Казир белгили адамдардын, акын жазушылардын кобисинике, типти халык жазушылары мен кари тарландардын уйиндеги кари апалар шаштары кобдырап, жаланбас журеди гой. Типти кеуделерин салпылдатып жаркыратып журетин ажелерди коргенде булар кай улттын кемпирлери деп ойлайсын

Пікір жазу