Тәттілік

Жүрегімді сыздатасың, өткен күн,
Құмды ауылда қалып қойды көп белгің…
Көкем менен апама еріп бардым мен,
Көк егіске көркем күні көктемнің.

Көкем алда, иығында кетпені,
Апам артта, қалар күтіп көп мені…
Қалып қойып, әрнәрсеге алаңдап,
Жүгіремін екеуіне жеткелі…

Күріштік қой, емес онда жеке бау,
Көкем маған көрінетін өте дәу…
Тұңғыш ұлды тұңғыш ерткен егіске,
Әке-шешем сонда жап-жас екен-ау!..

Жейтін жаздай бәрімізге қоректік,
Жегенелеп, қауын-қарбыз, тал ектік.
Жетіге әлі жетпесем де, еректік-
Көкке төбем жетіп жүрді сол күні,
Көкеме мен жүргеніме көмек қып…

Тәттілігі талай жырға жүк болар,
Қауынынан қауымға үлкен құт қонар…
Көкөнісін күтіп жүріп күн сайын,
Көкөрімі- менен жеміс күтті олар…

Жаздың күні Қызылқұмды қыздырып,
Жатса- дағы жатпайтынбыз біз біліп…
Бүкіл ауыл ұйықтайтұғын тал түсте,
Үлкен жолға отырар ем үздігіп…

Қалса да артта қаншама асу, толқын, бел,
Ұмытпаймын, сол кездегі көркіңді ел…
Еркелеген қатар әке-шешеме,
Ең бақытты күндер екен сол күндер…

Үлкен жолға шығарып сап баласын,
Жемісімді көріп кетті анашым…
Көзәйнектің керек болмай көмегі,
Көкем бүгін көп ойлайды шамасын…

Сар далада сағым қуған ұл едім,
Сарылады, сағынбайды кім елін…
Оралмайды шырын күндер… білемін…
Бақыттымын дей аламын, бірақ та,
Неге менің ауырады жүрегім?..

Жетегімен көкке тартқан көңілдің,
Иә, біраз биіктерден көріндім..
Қояр емес қозған шоқтай қоңыр мұң…
Қызылқұмның ыстығына күйген ұл,
Суығына төзді талай өмірдің…

Көз алдымнан әлі күнге кетпейді,
Бетке алсам ба, сол бір әсем беткейді…
Ол жерге ешкім бүгін қауын екпейді…
Көкөністер қаптаса да көп мейлі,
Көк базарда көрдім таңдап талайын,
Көкем еккен қауынға еш жетпейді…

Бұл өмірдің ең тәттісі бала күн,
Бала күнді бақытыма баладым…
Қайда кеттің, қайта-қайта қарадым…
Қайран күндер, қайдан сені табамын?..

Тәттілік тек қауында екен қарағым…
Ащы тірлік…
Жүрегімде нала мұң…
Сыздансам да…
Сыздағанын білдірмей,
Жасыра алмай қояды айтып жанарым…
Бір-ақ сәтке оралшы сен,
Бала күн?!.

Біраз тірлік еттік біздер ел үшін,
Кейінгі ұрпақ келтірер ме кемісін…
Жылы жайда жылтыр өскен балалар,
Жылыжайдың жегенге мәз жемісін…

Балалығым, бүгін маған мұңсың тек,
Балдай қауын…
Түске кіріп жүрсің көп…
Балаларды жылда ауылға жіберем,
Тәттіліктің қайда екенін білсін деп!..

16 пікір жазылған

  • Шахановтың сайтын білетін едік, Енді Қазыбек Исаның сайтын ашыпты. Рухы биік жігіттерге, Аршатқа зор рахмет, сайт ашып саңлақ ақынның елуінде елмен дидарласуына мурсат берген.

  • Сіздің жырыңыз өзгелердің жырына ұқсамайды екен! Сізге әрқашан шығармашылық шабыт , отбасыңызға бақыт тілеймін.
    Т/б жарыңыз Жаннаттың кластасы

  • Ақынның көз жасының тамшысындай ,
    Қалыпты өнге жырдан оратылмай .
    Уақыттың өтті – кетті білімбестен
    Айтуға отыз алты жыл жасындай .

  • Жалт етіп қыран құстай қапықтадың ,
    Сенімді сырлар айтып жалықпадың .
    Тіршілік мерейіне куә болып
    Ағыздың зәм – зәм суын анық басып .

  • ТАБИҒАТ СЕЗІМ .
    Нұрлы шуақ табиғат – сана сезім ,
    Барлығы да есімде бала кезім .
    Айналайын жерімнен , туған елім
    Аялайын өлеңмен – тола сөзім .

    Қандай ыстық туған жер топырағың ,
    Қуанышқа кеудемді толтырасың .
    Жастық шағым бал – шырын табиғатым
    Еркелетіп суыңмен қандырасың .

    Өзгеріспен заманым қандай жарқын ,
    Табиғаттан талай рет алған нарқын .
    Бір Алладан жаралған барлық пендем
    Керек етпес өмірге жалған ақын .

    Шындық жолын бастадым ақиқаттан ,
    Ақын болып уағыздап шариғаттан .
    Сырға толды сезімім шаттықпенен
    Нәр аламын мәңгілік табиғаттан .

    ТАҢҒЫ САМАЛ .
    Шолпан жұлдыз жарқырайды жымыңдап ,
    Тұнық күйге шарықтайды шымырлап .
    Тарап жатыр қараңғылық біртіндеп
    Қызғылттанып таң келеді зымырап .

    Түн қойнауы ақ пердесін жамылып ,
    Жұлдыздар тұр бағытымен таңылып .
    Темірқазық көрінбейді төбеден
    Жел самалы уілдейді жаңылып .

    Көрінеді аппақ жиек алыстан .
    Жарық сәуле Күн көзімен алысқан .
    Диқан дала тіршілігін қабылдап
    Еңбекпенен ел бірлігі табысқан .
    4

    Нағыз қазақ сезімдерін толтыра ,
    Күйін шертіп бұл өмірге домбыра .
    Күмбірлейді сұлулықпен ақ қайың
    Табиғаттың бояуларын қондыра .

    Ұйқысынан оянады жаңа ел ,
    Таң шапағын шайқағанда самал жел .
    Жердің бетін тазалайды ақ жаңбыр
    Нөсер болып арайланып көктен сел .

    ЖҮРЕК .
    Денеңдегі бір жапырақ ет деген ,
    Сау тұрғанда мақсатыңа жет деген .
    Қан тамырың соққыласа асқынып
    Кете көрме жарылып бір өт деген .

    Қан жүрегің арың менен намысың,
    Керек етпес арамзаның алғысын .
    Шуақ күндей жадыратар денеңді
    Өміріңнің күте білсең жалғасын .

    Өмірің жоқ дүниеде жүрексіз ,
    Сол себепті таза ұста кіршіксіз .
    Қара дақпен меңдеп алса өзіңді
    Қалай ғана көппен бірге жүрмексіз ?

    Дүрсіліңді естіп қана күлемін ,
    Беймаза күн жолықпасын білемін .
    Жабықпағын жан жүрегім шаршамай
    Тыныш болсаң бұл жалғанда жүремін .

    Соққылайсың жайлап қана кеудеге .
    Өн бойымнан жаманшылық көрмеуге .
    Абайсызда мен өзіңді байқамай
    Бұзып алсам қыйын болар емдеуге ?

    Орны толмас кімге керек байлығың ,
    Алла өзі бергенінде жарлығын .
    Жылдар өтер , өлең туар жүрек боп
    Артқа тастап өлмейтұғын қалдығын .
    5
    МАЙ ТОПЫРАҚ .
    Балаң келді өскен жерге ер жетіп , Май топырақ шаң көтердің тездетіп .
    Сағынышым , топырағым туған ел
    Елестейді өңіріңнен жел есіп .

    Жаза алмадым дер кезінде жаңалық . Бұлдыр сағым есімде тұр балалық .
    Жастық шақта тұлым шашты қыздармен
    Талай бірге топыраққа аунадық .

    Есейсемде жасырайын мен неге ,
    Шомыламыз суға түсіп өзенге .
    Күн шыққанда іздеп жүріп көлеңке
    Жүгіреміз қыр гүліне – беленге .

    Өтті дәурен оралмайтын енді бір ,
    Міне бүгін сол күндерде өмір жүр .
    Сырғып өткен қыздар қайда маралдай
    Іздеймін кеп топырақтан өлең жыр .

    Сүгіреттер тұр қыздың көркін жамылып , Елеңдеймін өзгеріске табынып .
    Шілдедегі майдай ыстық топырақ
    Шақырасың қыз бантикті сағынып .

    Қасиетің тұмар болып тағылмақ , Арманымсың кеудемдегі бір жұмбақ . Табанымның ізі қайда іздеймін
    Ұстап тұрмын алақанға уыстап .

    КҮЗ БЕЛГІСІ .
    Күз белгісі , тал жапырақ сарғайған ,
    Жел еседі гуілдеп кеп шалғайдан .
    Боз қыраулар ізін салған бұтақтан
    Ән естіледі шырылдаған торғайдан .

    Үн қатады тылсым күз тықырлап ,
    Аласұрып жаздың тағын сиқырлап .
    Сан алуан шимайлаған бояуын
    Құйып жатыр қыйын келіп ұрғылап .
    6

    Кең даланың көзін тауып аптығып ,
    Сілкінеді бар ашуын лақтырып .
    Зуылдайды алға қарай ілгерлеп
    Күздің жолын табиғатқа таңдырып .

    Шаң көтеріп будақтайды қыр сызып ,
    Асықтырып күн сәулесін сырғытып .
    Құлап жатыр гүл шоқтары қуарған
    Солып бітіп , аяқ асты булығып .

    Шатқалдардан нар қамыстар шулайды ,
    Жүрегінің ар – намысы тулайды .
    Білеуленіп тамырыңнан соққан қан
    Бір ұраға жастық шақты турайды .

    Өткен күндер көрінбейді ойлаймын ,
    Болашақты арманым деп жырлаймын .
    Түн ішінде күз ауласын қызықтап
    Өлеңменен уақытымды ұрлаймын !

    БҮЛДІРГЕН ҚЫЗ .
    Арыстың жағалауы қыз бүлдірген , Көңілдің сырын сірә кім тербеген .
    Жемісін көрген кезде қызыл іңір
    Көгінен күн көрінді күлімдеген .

    Түлетіп шалғын шөпке торанғылды , Туған жер еркелеттің қыз бен ұлды .
    Сағыныш саздарына тиек етіп
    Іздедім әнге салған дауысыңды .

    Жалғасып махаббатым туар күнмен , Жарысып толқын ақты арнасымен ..
    Барады ән өрмелеп жар басында
    Ағынның сусып аққан шөлдерімен .

    Бойыма шуақ төгіп жанарыммен , Арманым жалғасады жылдарыммен .
    Жастық шақ әнім болған ерке Арыс
    Кеудемді түртіп өттің самалыңмен .

    7
    Шегіндім артта қалған ойларыма ,
    Жарастық таппай сезім тойларыма .
    Қайранмын бүлдірген қыз сені көріп
    Жолықтым өлең деген қайнарыма .

    ҚАЙТАДАН ТУЫЛАДЫ .
    Шашу қып , шашып тастап жапырақты ,
    Сұрша күз тұла бойды қалтыратты .
    Жел тұрып әуедегі бұлтты қуып
    Тағынан мимырт жазды жалтыратты .

    Сарғайған жапырақтар түсіпатыр ,
    Тапталып жер бетінде шіріп жатыр .
    Құйын кеп сай – саланың төңірегін
    Аралап піспегімен пісіп жатыр .

    Уақытпен өз керегін санап алды ,
    Таңбасын сұлулықтың таңдап алды .
    Көйлегін шешіндіріп тал біткеннің
    Табиғат көріктерін тонап алды .

    Бүлкілдеп бал – бұлақтар сыңғырлайды ,
    Жағадан қыз әуенін күз таңдайды .
    Сәлемін естігендей сағыныштың
    Мұңайып гүл қурайды , сылдырлайды .

    Жаңбыр боп шаң – топырақ суырады ,
    Бар аймақ көк суына жуынады .
    Үзілген жапырақтар келер жылға
    Қайтадан бүршік жарып туылады .

    ҚАРСЫЗ ҚЫС .
    Ағартып талдың басын қүрау шалды ,
    Зәрлі қыс көңіл – күйге сұрау салды .
    Бүкшиген нар қамыстар белін жазбай
    Майысып күн көзінен манаурады .

    Бұл қалай көктем жетіп үлгерген бе ,
    Көгеріп тал шыбықтар гүлдеген бе ?
    Сусылдап төгіледі ақ құмшекер
    Бір сәтке ызғырық жел гулегенде .
    8

    Көрдің бе , Күн табақ жер дастарқанын ,
    Жайып сап қарсыз өңір басталғанын ?
    Қозғалыс тіршілікке еніп жатыр
    Ойланбай уақытынан бос қалғанын ! .

    Суықтан қарауытып қыр – айнала ,
    Үрей сап , зар жылайды қарсыз дала .
    Қылаулап сұр аспаннан бұлттар айнып
    Тамшылар сіркіреді жансыздана .

    Қарсыз қыc табиғатпен шектеледі ,
    Құлау сап бағыттарын өзгертеді .
    Бей – мезгіл күннің райы ауысқанда
    Жазықсыз жердің беті тегістелді .

    Еңбекпен қатайтқанда бұғанасын ,
    Ер жігіт дәнін сепсе қуанасын .
    Жыл сайын жазық далам аппақ қармен
    Өңірге сәнін беріп тұра қалсын .

    ТЫҢДА ЖҮРЕГІМ .
    Жүр едім мықтыма деп жан жүрегім ,
    Жүдедім ағысыңа қан қорегім .
    Абыржып тұрғаныңды сезінемін
    Айтқызбай дәл өзіңе не керегін ? !

    Кінәм жоқ саған айтар бәрін білген ,
    Махаббат тәттілігін дәмін берген .
    Сыйқырлы тамырларың сым секілді
    Ток жүрер қызыл қанмен дірілдеген .

    Шаршама , абыржыма қайран жүрек ,
    Түнертіп орнатпағын қара түнек .
    Соққылап сұққылайсың , ойнақтайсың
    Жұп – жұмыр бауыр етті қайта түзеп .

    Қанша рет қуандырдың таңғалдырып ,
    Көтердің қайғы – дертті таң атқызып .
    Білемін шешілмеген салмақ барын
    Кеудемді мазалайсың сең тұрғызып .

    9
    Қайтемін жан тәнімді жараласам ,
    Не болам бір өзіңе қарамасам ?
    Жүйкемді тоздырмашы жүн етіп
    Құр бекер неге жүрмін жарамасам .

    Қоқытпа аласұрып қан жүрегім ,
    Күрестім тіршіліктен қалжырадым .
    Ақынға сен керексің , тыңда сөзді
    Өмірге өлең болсын қалдырғаным ? !

    НҰСҚА БЕРЕР .
    Жаным жадау жүрегім мазалайды ,
    Беймезгілде найзағай жарқылдайды .
    Көңілімде қаншама ойлар жатыр
    Зәңгір көкті ақ жауын тазалайды .

    Дүние тұр , жебелеп әзірленген ,
    Қымбатшылық ойнайма тәңірменен ?
    Тобырланып мына жұрт қайда шыққан
    Зәбірленіп көргем жоқ әзірге мен ?

    Жатақтарым мұндай түс кімнен күткен ,
    Қайырымдылық ас болмас ішкеніңмен .
    Қорды жыйнап шектелдік қолға қарап
    Түк шықпайтын шүйкедей түткеніңмен .

    Көше толған адамдар толқындайды ,
    Толғағымен нұрлы күн салқындайды .
    Зейнет ақы дұрыстап көбейер ме ?
    Жылы сөздер қашан бір жарқылдайды .

    Теңгерілдік теңге деп , айлық қайда ,
    Кекеніме қолды боп нарықтарға ? !
    Бір айлығың жетпейді сусындауға
    Күнделікті нанда жоқ тарыққанда ? !

    Сүйреткізіп қылышын қыста жетер ,
    Жан ауырса өмірің қысқа келер .
    Заңың қайда елім деп қарайтұғын
    Ей , басшылар кімдер бар нұсқа берер? !

    10

    САТА КӨРМЕ ?
    Көше тола қыбырлаған өңшең адам ,
    Жол бермейді алға қарай бассаң қадам .
    Қуаныштың құшағында келе жатып
    Ой толқынын ұстап алып өлең жазам .

    Ақшылданып көз тартады күзде азан ,
    Өздігінен көтерілді көкке тозаң .
    Табиғаттың әсем көркін ұрлағандай
    Тал басының жапырағы лезде қазан .

    Адам көркі табиғатпен кескінделген ,
    Көріктерін арсыз надан кескілеген .
    Жақсылардан сәлем жолдап жылы жаққа
    Жаздың құсы ұшып бәрі кетті білем ?

    Ақ айдынды толқып жатқан кең алқапты ,
    Жемістерін ел ішіне аралатты .
    Ары таза азаматтар басшы болып
    Байлықтарын жыйыстырып алып жатты .

    Келешекке талай белес басқарылды ,
    Еңбекпенен күз сарғайып атқарылды .
    Көзің тоймай арамдықпен дүниеге
    Сата көрме адам деген аттарыңды ? !

    ҚАЗАҚСТАН ДАЛАСЫ .
    Қара таудан ағылып көштер өтті ,
    Қойнаулары тарихтың күйлер шертті .
    Елім – айлап егілген қайран жұртым
    Заманыңда тілекке кімдер жетті ?

    Сұр даладан , бозінген дауысынан ,
    Үн естілді зарлап бір ауырсынған .
    Көз жастарын көл етіп , ұрпақ үшін
    Бабаларым ерлікпен жауын қуған .

    Аңыз болдың қазағым ұрпағыңа ,
    Өз тіліңмен сан ғасыр тұрғаныңа .
    Арайланды ән дала — құс қанаты
    Риза болды самғап бір ұшқанына !
    11
    Талай жүйрік шапқылап әр саладан ,
    Бейбіт күнді паш етті кең даладан .
    Батыс , Шығыс арасын жалғастырып
    Бір Құдайым сақтады зор жаладан .

    Домбырамнан күй шертіп тербелейін ,
    Ақын болсам , ән салып еркелейін .
    Солтүстік пен Оңтүстік даласынан
    Бақытыма қуаныш жетелейін .

    Жалғастырып құт – береке жайлауыңнан ,
    Кен байлығын тасытып қойнауыңнан .
    Елім – айға зарлаған қайран қазақ
    Енді бүгін сескенбе жауларыңнан .

    Желбіретіп жалауын биіктерден ,
    Далам менің еңбекке иліктірген .
    Арманымды құшамын тең жаямын
    Өзгеріспен жайнатып тірлікпенен .

    АЛҒЫС .
    Шалғайда алыс жол маған ,
    Елінен алғыс жолдаған .
    Басталды өмір жаңадан
    Бір – бірін адам қолдаған .

    АРУ КӨКТЕМ .
    О, сәулешім көрмегелі көп болды ,
    Айтшы өзің сағындың ба көк белді ?
    Нәзік үнің естіледі ән болып
    Ару көктем жыл құстарым кеп қонды .

    Асау өзен аққанында су толып ,
    Түрлендірді кең даланы жайқалтып .
    Маңырайды өрістерден төрт түлік
    Ауылыма ерекше бір сән қонып .

    Арайланып көз тартады төңірек ,
    Атылғандай найзағайдай зеңбірек .
    Бұлттар көшіп , жауды жаңбыр манаурап
    Гүл оранды , бүрін жарды бәйтерек .
    12

    Қараймын кеп көз тоймайтын шатқалға ,
    Рең кіргендей жасылданған бақтарға .
    Самалыңды тербетші көктем күні
    Нұрың болсын сырласқанда жастарға .

    Ару көктем қанатыңды қаққанда ,
    Шоқ жұлдыздар жымыңдайды ақ таңда .
    Жағасынан қарсы алайын сәулешім
    Бұлақ суы көк майсаға аққанда .

    Ару көктем төсегендей кеудесін ,
    Ояттың ба , өлең – жырдың сәулесін ?
    Көк шалғыннан әтір иісі бұрқырап
    Келтіресің махаббаттың тәубесін !

    Ақ моншақтан қайың сырға таққанда ,
    Құстар қонды – сыршыл сұлу бақтарға .
    Өзің келіп ән салар деп күтемін
    Ару көктем ақ қанатын қаққанда ? !

    АҒЫН .
    Ой туар қалай сезімнен ,
    Ғашық ем бала кезімнен .
    Атқылап өлең ағылды
    Жаңарып талай сөзімнен .

    ОРАЛШЫ КӨЛІҢЕ .
    Тіршіліктер басталғанда көктемнен ,
    Сұрап тұрмын хабарыңды өткеннен .
    Сырлы саздар сағыныштан алаулап
    Аққу – қаздар ұшып өтті көк белден .

    Сезінемін жұпар иісін , көктемді ,
    Сырласуға еске алсам өткенді ?
    Ақ қайың да ырғатылып сол сәтте
    Көрсетіп тұр өмір деген өткелді .

    Нұрлы бейнең кетпей қойды түсімнен ,
    Өзің едің жан сырымды түсінген .
    Армандаған көлде жүзген Аққуым
    Көрінбейсің қайтқан құстың ішінен ?
    13
    Қом сулармен көл жағасы қоғалы ,
    Оралмадың айдыныңа қонғалы ?
    Жалғызсырап бір сыңарың гәккулеп
    Қанат қақты , қайта әнін салғалы !

    Жүрсің қайда самал желді тербетіп ,
    Ақша бұлтпен табыстың ба сенделіп ?
    Бей – жай болып көкірегім толқиды
    Найзағаймен жаңбыр жауып селдетіп !

    Өкінішке қалдырмашы шөлдетіп ,
    Көк жүзінен көрінсейші өрлетіп .
    Өзің жүзген көлің жатыр тұп – тұнық
    Келіп қоншы айналайын тездетіп !

    ӨМІР ӨЗЕН .
    Таулардан сулар ағар тас құлатып ,
    Жолында кездескенін домалатып .
    Көк майса қалың қамыс ну аралап
    Жосиды маңайларын шуылдатып .

    Бастауы бұлақтардан басталады ,
    Жағасы ырғатылған тал болады .
    Ағысын баяулатпай жөңкігенде
    Көрген жан болмысына таңғалады .

    Толқыны жарқаббаққа соғысады ,
    Сыйа алмай арнасынан жосылады .
    Cу жыйнап жылғалардан кең далада
    Құятын сағасына асығады .

    Ілгері жылжығанда ағын сулар ,
    Сылаңдап ұшқындайды сағым булар .
    Көрінсе сусыз қалған аңғарларың
    Еріксіз аянышпен жаным тулар .

    Су ішіп жан – жануар ойнақтайды ,
    Адамдар бір – бірінен хал сұрайды .
    Егер де , ала жаздай нәр тамбаса
    Ылғалың құмға сіңіп қайырлайды .

    14

    Басталар өмір болып талай өзен ,
    Тіршілік сусыз қалса қалай төзем .
    Сайрандап күндіз – түні аға берші
    Сондықтан арнайыншы қандай өлең .

    ДАУЫЛ .
    Айнала қарауытты кешкі арай ,
    Шаң – тозаң көтерілді көкке тарай .
    Долы жел ерік бермей ұрғырайды
    Бұтағын ағаштардың шетке қарай .

    Есіріп тоқтамастан соғады жел ,
    Қызарып қанталады жоталы бел .
    Ап – айқын көл бетінен көз ұшында
    Қиыршық тас бұршақ боп борады сел .

    Табиғат мазаланды тыным таппай ,
    Түнеріп бұлттар көшті шынын айтпай .
    Гүрілдеп көк аспанның нар қабағы
    Күн көзін тасалады жолын ашпай .

    Суырып топырақтар шашылады ,
    Әп – сәтте тынышталып басылады .
    Жол іздеп құйындатып терең сайға
    Су жыйнап долылығын жасырады .

    Таусылмас тіршіліктер дауыл болмай ,
    Өзгеріп жаңармаса ауыл – маңай .
    Долданбай ей , адамдар өміріңде
    Жүгіңді көтере біл ауырламай ? ! .

    КҮЗ КӨРКІ .
    Есімде тұр махаббатым алғашқы ,
    Көп күзетіп жүрдім – ау бір ағашты .
    Куәсі боп , осы күнге сол бір жер
    Сағынышым – өмір жолы жалғасты .

    Шайқатылса тал бұтағы күздегі ,
    Жөңкіп өтер сұрша бұлттың тізбегі .
    Жазық дала сұп – сұр болып көңілге
    Жаздырғандай жыр – шумағын түздегі .
    15
    Жасыл шөптер қурап жатыр біртіндеп ,
    Шашылады жапырақтар бүрсеңдеп .
    Леп келеді көк аспаннан ызғар боп
    От жанады найзағайдан дүрсілдеп .

    Сарғайғанда батар күннің өзегі ,
    Жаңбыр құйып құйын сырғып кезеді .
    Жайлап басып , ойлап келем күз көркін
    Жалғасар деп қатал қыстың кезегі .

    Айнымайды сұр жапырақ жүректен ,
    Ағаш көркін өн бойына түлеткен .
    Саяаңда мен куә еттім айлы түн
    Махаббаттың бал – шырынын күзеткен .

    Қалмақ емес аяқ асты тапталып ,
    Ән болады жүрек тулап жатталып .
    Сөйлесер ем жансыздарға тіл бітсе
    Тұрғанында күздің көркі сақталып .

    КӨКТЕМ ЖЫРЫ .
    Көрмедім ғой қыс болып қырды көптен .
    Сағындырып жеттің бе , нұрлы көктем .
    Кілем жайып жазыққа шыға қалсаң
    Бар төңірек тамылжып сырын шерткен .

    Міне көктем бөктерге келіп жетті ,
    Ұзақ жатқан аппақ қар еріп кетті .
    Жасыл шөпке нұрлы күн нәрін құйып
    Ақша бұлттан тамшысын төгіп өтті .

    Ерте келген көктемнің күндерінде ,
    Ләззәт алдым жан құрбым күлгеніңде .
    Қарайласам елеңдеп көк белеске
    Өзің тұрдың жүректің нақ төрінде .

    Ағын сулар толтырды сай – саласын ,
    Тіршіліктің келтіріп салтанатын .
    Аққу құстар таранып көл бетінде
    Махаббатпен көктемді қарсы алатын .

    16

    Білінбейді өмірдің өткендері ,
    Арманымды аңсадым көптен бергі .
    Бақытымның қайда тұр өткелдері ?
    Тәңірімнен сұранам табынамын

    КҮЗ САРҒАЙЫП .
    Кеттің бе күзім сарғайып .
    Барамыз біздер қартайып ?
    Жасыма дейсің ой салып
    Жатыр –ау өмір ортайып !

    Жап – жасыл тұрған тал еді ,
    Жарасқан күнім «бал» еді .
    Өзіңмен тұрған сөйлесіп
    Қартайған жігіт шал еді .

    Енді жоқ жаздың ыстығы ,
    Басталар қыстың суығы .
    Әніңе салма жылауық
    Долы жел соққан былтырғы ?

    Көңілсіз неге жасыл бақ ? ,
    Бояуын қайда жасырмақ .
    Шашылды қоқыс күл болып
    Өртеніп жатыр жапырақ !

    Дүркіреп бұлттар өтеді ,
    Жаңбыр мен құйын кезеді .
    Құлазып дала абыржып
    Алыстан сәуле өшеді .

    Табиғат көзі тіршілік .
    Тағдырға еттім шүкірлік .
    Мезгілмен есік ашылды
    Тек қана ұқпас бір шірік .*

    Қартайма көңіл қартайма,
    Өтті деп өмір мұңайма ?
    Сарғайған күзде өлең көп
    Шабытым әсте ортайма ? !

    17
    КҮН СЫРЫ .
    Сыйғыздырып құшағына аспанды ,
    Орап алып , кім жұбатар адамды ?
    Күннің көзі көк жүзінен тік қарап
    Бар әлемді жылытады , бар маңды

    Қара жерге қадағанда кірпігін ,
    Мұңға батып толғанасың Күн бүгін .
    Көк — көгілдір кеңістікке жайғасып
    Адамдардың байқайсың ба тірлігін ?

    Күн айтасың ызғарымды төккенім ,
    Жер – Ананың арызына жетпедің ?!
    Мезгілімен жердің көркін өзгертіп
    Тіршілікке сәуле шашып өткердің !

    Шуағымнан тыныс алса жүрегің ,
    Барлық елге мен боламын тірегің .
    Ардан безіп Алла атын жамылып
    Жүргендердің жек көремін қорегін !

    Деп осылай сілкінгенде Күн көзі ,
    Парыз тұтып , тәуіп етпес кім өзі ?
    Айналайын жарығыңды төге түс
    Арман етіп күтудеміз Күн сені !

    НАУРЫЗ БАТАСЫ .
    Ұлы той наурыз келді сапар шегіп ,
    Бастайық мерекеге бата беріп .
    Жар болсын ақ тілеуің толған айдай
    Тойлайық биге шығып дөңгеленіп .

    Ұлыстың ұлы күні нұрлы болсын ,
    Құт болып жылдың басы елге қонсын .
    Наурызда жаңбыр жауып жер көгеріп
    Өрісте төрт түлікпен қора толсын .

    Қолдасын ақ батамды Алла өзі ,
    Ақ наурыз ел – жұртымның бірлік көзі .
    Оқысын оқушылар жалқауланбай
    Дарысын ұстазының өсиет сөзі .
    18

    Енгенде Наурыз айы Қыдыр болып ,
    Таулардан сулар ақсын сыңғырлатып .
    Өмірге су нәр берер адамзатқа
    Қалмасын өзен арна тақырланып .

    Жалғассын наурыз – думан игілікпен ,
    Санасып ел ішінде тіршілікпен .
    Той жасап шараларың аққа толсын
    Май – құртын шашу етіп ірімшікпен .

    Ырысың шашылғанда Наурыз күні ,
    Қамбадан ортаймасын астық ұны .
    Ағайын өкпелескен басын қоссын
    Қабыл боп ақ батамның айтқан үні .

    Ұйқысы нәрестенің бөлінбесін ,
    Еңбекке адал жандар ерінбесін .
    Әрбір үй бейбіт күннің шамын жағып
    Шаттықпен жас жұбайлар күлімдесін .

    Жайып сап дастарқанын молшылықтың ,
    Жойылсын ызғар табы жоқшылықтың .
    Нарықты алға қарай жылжытпайық
    Ел болып қамын ойлап бар халықтың .

    ҚОЙ ЖЫЛЫНА СИПАТТАМА .
    Тіршіліктің іздегенде оң жолын ,
    Төрт түліктен қой асыра ең момын .
    Өсімтал мал қандай жуас өтімді
    Сатсаң ақша , молайтады ет қорын .

    Байлығы мол ауыл жылы қой жылы ,
    Атқаратын жұмысы көп , біл мұны .
    Отар толып маңыраса өрісте
    Әнін салар сайрағандай бұлбұлы .

    Наурыз енді көктем болып көгінен ,
    Жердің бәрі жекеленіп өзгерген .
    Ауыл қамын кім ойлайды білмеймін
    Мал жаятын жайлым жоқ бөлінген ?

    19
    Қойдың жылы жаман болмас биылғы ,
    Еңбектенсең дайын тұрар сыйлығы .
    Қаржысы жоқ , үлесі жоқ не қылар
    Жалтақтайма қолға қарап қызығы ? !

    Шопан ата қой өсірген қазағым ,
    Барлық елге шарықтады атағың .
    Киген киім қойдың жүні емес пе ?
    Қойды бақсаң еш болмайды шатағым .

    Момын қойдың орны бөлек басқадан ,
    Желінінен саулайды сүт ағарған .
    Ауыл жылы , қойдың қоры биылғы
    Еңбек болсын сұранамын адамнан ? !

    МЕШІН ЖЫЛҒА СИПАТТАМА .
    Кезегімен жыл санап енді мешін ,
    Өзгертілген жаңарған елді көрсін .
    Қойдың жылы атқарды ауыл жылын
    Кереметін айтайық несібесін !

    Бірге жүріп мешіндер топталады ,
    Табиғаттың сыйлығы көп болады .
    Ормандарды кезеді пана іздеп
    Еңбектегі адамнан дос табады .

    Басталғанда былтырғы қойдың жылы ,
    Аталады үш жылға ауыл жылы .
    Келіп жеттің жеріме ие болып
    Жолын салып еңбекке жыл маймылы .

    Маймылдарда өмірді сезінеді ,
    Сөйлей алмай өздері кіжінеді .
    Жалқау болған арсызды көрген кезде
    Мінезінен маймылдар өзгереді .

    Сана сезім маймылда жоқ демегін ,
    Шаққылайды жаңғақтың тас дәнегін .
    Орман кезіп тынымсыз секіреді
    Еңбекпенен тауып жеп ас қорегін .

    20

    Тыныштықпен желпіп тұр таң самалы ,
    Адамзаттың осы ғой аңсағаны .
    Мешін жылы тілектер қабыл болсын
    Өмір сүрген жүректер ән салады .

    КҮЗ СУРЕТІ .
    Өзгертті күннің нұры жаздың тағын ,
    Бақтардың жаңалаштап жапырағын .
    Сұрша күз ен байлықты именденіп
    Еңбектің тасқындатты дариясын .

    Жамылған жасыл – желек кең даланың ,
    Бояуын сырып тастап гүл лаланың .
    Табиғат қабақ шытып сілкінеді
    Суырып қоқымдарын сай – саланың .

    Бергендей күз суретін келістіріп ,
    Құстар ұшты сағынышты ілестіріп .
    Күн көзі тау бөктерін төске алып
    Жер бетін қырау шалды сірестіріп .

    Сыйласа еңбек – ырыс күйін саған ,
    Көрсеттің бейбіт елдің үйін маған .
    Өлең боп алтын күзде ақтарылшы
    Көңілім махаббатқа ұя салған .

    ДҮНИЕ КЕРУЕН .
    Барасың қайда асығып ,
    Төбеден Күнді жасырып ?
    Таң нұры жылжып биіктен
    Сәулесін жатыр асырып !

    Тізгілеп барқыт сай – сала ,
    Өзгерді аймақ айнала .
    Қазанын жуып көк нөсер
    Төгеді қаймақ тап – таза .

    Жап – жасыл желек жамылған ,
    Қырлардан гүлдер тағынған .
    Дүниең жалған керуен
    Жылжиды алтын тағынан .
    21
    Айнала толған шаттық үн ,
    Айналып өтті Күн мен Түн .
    Табиғат сырын түсінгін
    Жадырап тұр ғой ашық күн .

    Бояуға малып маңайды ,
    Тоғайда бұлбұл сайрайды .
    Теңеліп бәрі тамаша
    Заманым гүл – гүл жайнайды .

    ҚАРА БҰЛТ .
    Қара бұлт қаптап шың басын ,
    Түйдектей төкті тұнбасын .
    Тал менен терек мүлгиді
    Күткендей болып сырласын .

    Төгесің моншақ селдетіп ,
    Кетесің кейде желдетіп .
    Сағына күтіп Жер – Ана
    Құшағын жайды тездетіп .

    Тоқтаусыз ешбір көшесің ,
    Тау менен тастан өтесің .
    Аспанды тіліп қамшыңмен
    Шартылдап барып өшесің .

    КҮЗ КЕЛГЕНДЕ .
    О , әсем күз келіп қапсың қыратқа ,
    Өрнегіңмен быраз уақыт тұрақта .
    Шуылдаса шөп майысып , жел есіп
    Қозғалады бақтардағы бұтақ та .

    Ақша бұлтпен қалықтайсың нұрлы күз ,
    Өлкемізге еніп тұрсың қанша жүз .
    Аяқ асты шашылмасын ен байлық
    Кезі жетті сағағынан алма үз .

    Жеміс піссе аралайсың ішінде ,
    Дала тұрар алтын түстес пішінде .
    Ызғырық жел маза бермей суытса
    Қараша ғой соғып тұрған күшінде ?
    22

    Кең даладан жан – жануар таппақ нәр ,
    Маусым сайын өзгереді алқаптар .
    Бояуларын мезгілімен өзгертіп
    Кезегімен келіп қалар аппақ қар !

    О , шіркін күз кім сүймейді үніңді ,
    Көңіл – күйге жарасатын түніңді ?
    Мен де сені нақ Абайдай сүйемін
    Айтып тұрмын жүрек жарған шынымды .

    ӨТЕР УАҚЫТ .
    Сағат санап өтіп жатыр жыр уақыт ,
    Кейбір адам өздерін жүр жұбатып .
    Қатар жүрген досың болса наданнан
    Қысылғанда кетер орға құлатып .

    Абайсызда ажал келсе тайсалмай ,
    Бітті өмір дей көрмегін досым – ай ?
    Енші алмай дүниеге із тастап
    Талай дарын өткен екен байқалмай .

    Кім боларын ұрпақтарын білместен ,
    Шығармапты әуен – жырды елестен ? !
    Табиғаттың өмір заңы болмаса
    Жүрмеспедім дүниеге келместен ! ? .

    ӨЛЕҢ ШАБЫТПЫСЫҢ .
    Қияннан қиял толқып шартарапқа ,
    Өлең боп қонып жатыр ақ параққа .
    Маңырап көгендегі қозылардай
    Арманым жетелейді жыр бұлаққа .

    Шабытым шарпығанда аспаныма ,
    Ұнамас әлде бәлкім дұшпаныма ?
    Сын айтқын жасырмағын шын сөзіңмен
    Сонда мен риза болам достарыма .

    Жазайын қызықтырып алтын өлең ,
    Өмірдің жанып тұрған шамын көрем .
    Лайланып мөлдір суың бозғылданса
    Көңілден пәс түспеін жарқын бейнем .
    23
    Сен үшін жазықтымын жаралғаным ,
    Ақын боп неге тудым армандарым .
    Жеткізіп бере алмасам ойларымды
    Сырлы сөз жазалай бер махаббатым .

    Зымырап өтер уақыт асықтанып ,
    Жыр құрап отырғанда ғашық болып .
    Өрт алды дауыл соқты шабыттардан
    Нәр сұрап жүрегімнен анықталып .

    Көремін сағыныштың уақыт күшін ,
    Өмірдің аялаған бақыт құсын .
    Әуре ғып ұшып жүрген өлең шабыт
    Құшаққа қомақталып дұрыс енгін ?

    ӨЛЕҢ ЕТІП .
    Кеттің бе , мазасыз боп ұлы тәңір ? ,
    Көгіңнен тілеп едім нұрлы жаңбыр .
    Құр бекер ұйытқытып бұлтты қума
    Өтінем нөсер төксең жерді қандыр !

    Қалды ғой жауын жаумай көптен бері ,
    Жер ана сағынады көктен селді .
    Долы жел айтқанынан қайтар емес
    Аямай сорып жатыр беттен сөлді .

    Қалайша жазаламас тәңір өзі ,
    Өзгерсе заманында өмір сөзі .
    Жалқаулар ұйқысынан оянбайды
    Тірлігін керек етпей көңілдегі .

    Сел болып жауар болсаң күркірегін ,
    Менде бар саған қояр бір тілегім ?
    Сезімнің ақ жаңбырын төгіп өтші
    Ұшырсын бұл жүрегім жыр түлегін .

    Көз жасым көңіл шығы тамшылама ,
    Тәңірім сөз асылын қамшылама ?
    Толқыған ойларымды ұстап алып
    Байлайын өлең етіп қанжығама !

    24

    • НАУРЫЗ КЕЛДІ .

      Наурыз келді жеріме ,
      Гүлін сыйлап бәріне .
      Қозы – лағым жайылды
      Өсіп тұрған шөбіне .

      Күннің нұры алаулап ,
      Құлпырады арай бақ .
      Қыдырамын досыммен
      Жан – жағымды абайлап .

      Жаңбыр жауды себелеп ,
      Жүгіремін дірдектеп .
      Паналайтын қол шатыр
      Апама айттым керек деп .

      Мазаламай апамды ,
      Жақсы көрем атамды .
      Айтқанымды істейді
      Әуре етпей ағамды .

      Наурыз көже көп болсын ,
      Соғыс өрті жоқ болсын .
      Тілейтінім тыныштық.
      Шараларға ақ толсын .

      Ел басқарған басшылар ,
      Пейілдерің ашылар .
      Жадыратсаң көңілді
      Барлығыда табылар .

      Жүгірмейік дедектеп ,
      Бірлік – тірлік керек деп .
      Тыянақты болайық
      Жаңбыр жаусын шелектеп ..

      Нұрын құйып жауғанда ,
      Наурыз тойы болғанда .
      Тату болып жүрейік
      Еркіндікті алғанда .

      Әкім басшы біздерді ,
      Наурыз күні іздеді .
      Бөбектердің сөзінен
      Күдерін еш үзбеді .

      Болар әлі жаңалық ,
      Жаңа ғасыр бастадық .
      Күндіз – түні ойнайық
      Тақпақ айтып жаттайық .

      Балабақша көңілді ,
      Жалғастырып өмірді .
      Оқуға біз барамыз
      Алға қарап сенімді .

      ӘН ІЗДЕП ЖҮРМІН .

      Ән іздеп жүрмін әр елден ,
      Ғасыры жаңа әлемнен .
      . Санама ойды тербетіп
      Ер жетіп өсіп келем мен .

      Сырлары көп қой бұл саздың ,
      Неліктен әуен бұлтардың .
      Сабағын беріп ұстазым
      Бағасын қойды жылдардың .

      Ғасырлар жылжып өткенде ,
      Жұлдыздар ақты төменде .
      Ақын мен сазгер ән жазды
      Құдірет қонған өлеңде .

      Дауылпаз үні шарықтап ,
      Шақырды сазды анықтап .
      Құрманғазы күй шерткендей
      Дүние кетті жарық боп .

      Домбыра қазақ сөйлесін ,
      Жол тауып әнге үн берсін .
      Мектепке келдім көруге
      Ноталар қандай күйдесің .

      Нотаны білген жақсы ғой ,
      Үлесін әнге қосты ғой .
      Сыйқырлы жеті дыбысқа
      Құлағын әлем тосты ғой .

      Кезінде ата Қорқыттың ,
      Қобызын күйге толқыттың .
      Өнермен тілін сайратып
      Өмірге қайта жолықтың .

      Домбыра мен Баян тұр ,
      Қазаққа үні аян бұл .
      Дыбысы шығар сызылып
      Көңілге қонып арман жыл .

      Қарасаң бүгін тамаша ,
      Үйрендік сазды жаңаша .
      Мектебім менің жыл сайын
      Өрлейді көкпен таласа .

      Өмірге өнер ұсынып ,
      Сұңқарын жылда ұшырып .
      Оқуды жақсы оқыйық
      Тұрмайық бекер қысылып .

      Басталды жаңа ғасырым ,
      Еш нәрсе қалмас жасырын .
      Нұрғиса жолын нық ұстап
      Берейік әннің асылын .

      Ән деген ойға жан азық ,
      Бойларың өсер жаңарып .
      Жүрекке ұясын салады
      Сыйқырлы сазға оранып .

      Саз еді менің арманым ,
      Жаңадан бір ән арнадым .
      Мектебім менің ұстазым
      Алғысың болсын алғаным .

      Дауысын ашар әншінің
      Іздедім әнін Шәмшінің , .
      Шырқашы досым үйреніп
      Қазақтың барлық әндерін .

      ШУАҚ БОЛСЫН .

      Көгілдір аспаныма әндер тарап ,
      Көктем боп гүл орансын бар атырап .
      Шоқ болып қара түтін ұйытқыма
      Адамдар бейбіт күнді тұрсын сақтап .

      Көктемгі гүл шоғындай көріктері ,
      Тербелсін сәбилердің бесіктері .
      Жалауы бейбіт күннің желбіресін
      Ашылып әрбір үйдің есіктері .

      Торламасын қара бұлттар аспаннан ,
      Тіршілігім әнім болсын басталған .
      О , адамдар жер бетінен мәңгіге
      Жоғалмасын зәулім қала орнаған .

      Шар сияқты қызыл гүлдер егілген ,
      Жер бетінде алау болып көрінген .
      Тылсым көктем күйін шертіп жадырап
      Күн көзінен шуақ болсын төгілген .

      ТАТУЛЫҚ БЕЛГІСІ .

      Екі мың отызыншы жыл тілегін ,
      Бағалап қарсы алайық ел түлегін
      Барыс боп бар әлемге Қазақстан
      Силасын ұрпағына ер жүрегін

      Барлық ұлттар бауыр басқан , туысқан ,
      Бір Отанда бірге тұрып ұғысқан .
      Татулықтың белгісіне бұл өмір
      Тыныштықпен гүл жайнайды Қазақстан .

      КӨРІК БЕРІП ЖАҢА ЖЫЛ .

      Шаттықпенен нұрға бөлеп дала тұр .
      Ақша қармен арайланып Жаңа жыл .
      Ақ көрпесін төңірекке жаяды
      Сағындырған Аяз ата қайда жүр .

      Шат күлкімен жүзімізге жыр ойнап .
      Тамашасын қызықтайық біз тойлап .
      Жаңа жылда жыл бесігін тербетіп
      Жер анадан күн шығады нұр жайнап .

      Асыл моншақ тағынады шыршалар ,
      Кел ойнайық дөңгеленіп балалар ..
      Құтықтайық Аяз ата келіңіз
      Салют беріп Жаңа жылым басталар .

      Сыйлықтарын шашу етіп бәріңе ,
      Бақыт берсін шырқағанда әніңе .
      Қош келіпсің Аяз ата төрлеткін
      Жаңа жылым табыс әкел еліңе .

  • ӘН САЛАМЫН .

    Ән саламын мен бүгін ,
    Жыйыстырып қыр гүлін .
    Сыйлау үшін Анамды
    Түрлендірдім тізбегін .

    Ілгері қарай шабамын ,
    Бақытқа бастап заманын .
    Қорғайды бізді ағалар
    Еңбекке баурап адалын .

    Құстар әнін шырқатты ,
    Самғай ұшып қанатты .
    Ардақтаймын туған жер
    Қараңдаршы таң атты .

    Отан елім тірегім ,
    Саған ауды тілегім .
    Мәпеледің өсірдің
    Сен деп соғар жүрегім .

    Ұмытпаймын бұл күнді ,
    Жарқын жүзді күлкімді .
    Балабақша өз үйім
    Қандай едің сүйкімді

    Бақытты біз баламыз ,
    Әнші , биші боламыз .
    Көп – көп оқып үйреніп
    Жетіледі санамыз .

    Қара бұлттар қаптама ,
    Аспаныма шоқ салма .
    Алтын Күн нұрынан
    Бастаймыз сан бастама .
    .
    Ал , достарым дайын бол
    Мерекеге дабыл ол ..
    Ұясынан күн шықты
    Сәлем беріп қабыл ал .

    Ертеңіміз болашақ ,
    Қандай қызық ойласақ.
    Ақ пейілді адамдар
    Жұбатады жыласақ .

    Түн ұйқысын төрт бөліп ,
    Бесік жырмен тербетіп .
    Нәрін берді Анашым
    Бүгін тұрмын ер жетіп .

    Неге бөбек әуресің ,
    Көгімде күн сәулесін .
    Төгеді ғой біздерге
    Піскенінде мәуесін .

    Мерекені тойлаңдар ,
    Асыр салып ойнаңдар .
    Жалғасады арманың
    Келешекті ойлаңдар .

    Болсаң егер дәрігер ,
    Адамдарға нәрін бер .
    Жақсы істер бастайық
    Алла өзің сәтін бер .

    Ұшақпен де ұшасың ,
    Уақыт тауып ұтасың .
    Сол себепті көп оқы
    Өмір ылғи қыспасын !

  • Мен қанша өлең жазсамда бар шындықты жаздым. Өмір суреттерін шындықпен айтып ақ қағазға жаздым. Бағасын беріңіздер шын көңілмен.

Пікір жазу