ГРАНТ 2013 ТІЗІМІ 13 ТАМЫЗДА ЖАРИЯЛАНАДЫ

Қазір елдің бәрінің күткені 2013 жылғы Жоғары оқу орындарына қабылданған мемлекеттік ГРАНТ тізімі. “Қазақ үні” газетінің www.qazaquni.kz сайтына кіріп: “Грант тізімі қашан жарияланады? Мен оқуға түстім бе, біліп беріңіздерші?” деген елде есеп жоқ. Барлық талапкердің арманы – қалаған оқуына түсу.

2013 жылғы мемлекеттік грант тізімі бүгін, яғни 10 тамызда толық анықталып бітті. Жалпы қорытындысы 13 тамызда ең алдыңғылардың қатарында www.qazaquni.kz сайтында жарияланатынын хабарлаймыз. Сонымен қатар, гран тізімін www.gu-gu.kz және www.kazybekisa.kz сайттарынан да таба аласыздар. Қапы қалмай, қадағалап отырыңыздар. Жақсы жаңалық – жарқын жақсылыққа елден бұрын куә болғаныңыздың өзі де бір керемет емес пе!?

Үміткерлерге сәттілік тілеп, алдарынан Ақ жол ашылуын тілейміз!

www.kazybekisa.kz

52 пікір жазылған

Пікір жазу