1 пікір жазылған

  • ӘН ІЗДЕП ЖҮРМІН .

    Ән іздеп жүрмін әр елден ,
    Ғасыры жаңа әлемнен .
    . Санама ойды тербетіп
    Ер жетіп өсіп келем мен .

    Сырлары көп қой бұл саздың ,
    Неліктен әуен бұлтардың .
    Сабағын беріп ұстазым
    Бағасын қойды жылдардың .

    Ғасырлар жылжып өткенде ,
    Жұлдыздар ақты төменде .
    Ақын мен сазгер ән жазды
    Құдірет қонған өлеңде .

    Дауылпаз үні шарықтап ,
    Шақырды сазды анықтап .
    Құрманғазы күй шерткендей
    Дүние кетті жарық боп .

    Домбыра қазақ сөйлесін ,
    Жол тауып әнге үн берсін .
    Мектепке келдім көруге
    Ноталар қандай күйдесің .

    Нотаны білген жақсы ғой ,
    Үлесін әнге қосты ғой .
    Сыйқырлы жеті дыбысқа
    Құлағын әлем тосты ғой .

    Кезінде ата Қорқыттың ,
    Қобызын күйге толқыттың .
    Өнермен тілін сайратып
    Өмірге қайта жолықтың .

    Домбыра мен Баян тұр ,
    Қазаққа үні аян бұл .
    Дыбысы шығар сызылып
    Көңілге қонып арман жыл .

    Қарасаң бүгін тамаша ,
    Үйрендік сазды жаңаша .
    Мектебім менің жыл сайын
    Өрлейді көкпен таласа .

    Өмірге өнер ұсынып ,
    Сұңқарын жылда ұшырып .
    Оқуды жақсы оқыйық
    Тұрмайық бекер қысылып .

    Басталды жаңа ғасырым ,
    Еш нәрсе қалмас жасырын .
    Нұрғиса жолын нық ұстап
    Берейік әннің асылын .

    Ән деген ойға жан азық ,
    Бойларың өсер жаңарып .
    Жүрекке ұясын салады
    Сыйқырлы сазға оранып .

    Саз еді менің арманым ,
    Жаңадан бір ән арнадым .
    Мектебім менің ұстазым
    Алғысың болсын алғаным .

    Дауысын ашар әншінің
    Іздедім әнін Шәмшінің , .
    Шырқашы досым үйреніп
    Қазақтың барлық әндерін .

Пікір жазу