2 пікір жазылған

  • Қоқан бектері мен билерінің Ташкентті басып алуына қарсы күресті алғаш басқарған Толеби болатын, кейін Абылай 1765 жылы Қоқанға қарсы жорық ұйымдастырады, ойсырата жеңеді. Ташкент, Ферғана, Ош уәлияттарындағы қыпшақтар, қырғыздар,қазақтар, өзбектер Абылайға бағынады. Қырғыздардың біріаз бөлігін Көкшетауға көшіріп әкетеді. Абылай Ташкентте бір жыл тұрады. Қаланың қазақ хандығы және қазақ тайпалары үшін маңызы түсінген. Бұхаралықтардың ықпалына өтіп кетпеу үшін көп күресті . Өз балаларына мұра етіп қалдырды Ташкентті. Бірақ, кезінде Төлебидің кеңесшісі болған Жүніс қожа Ташкентті қазақтардың билігінен тазартуды көздеп, сарттар, өзбектер мен өз мүридтерінің көмегіне сүйене отырып қазақ ақсүйектері және билерімен ашық қақтығысқа барды. Қазақтарды аямады, дарға асты, бастарын кесті. Ташкенттің Абылай ұрпақтараның қолынан кеткенін білген Қоқанның алғашқы ханы Әлім Жүніс қожа және оның ұрпақтарымен 8 жыл бойына соғысып, ақыры Ташкентті 1807 жылы алды. Осыдан кейін ұлы жүз және орта жүз жеріне жол ашылды . Ұлы жүз қазақтарының астанасы болған Ташкент осылай қолдан кетті. Қоқан қанауына қарсы ірі азаттық күресті басқарғандардың бірі Мұсабек датқа екендігі ауыз деректерінен белгілі. Оған қандай құрмет көрсетілсе де жарайды.

Алибек үшін пікір үстеу X