ӘН АҒА

Шәмші Қалдаяқовқа

Жолықсаң да өмірдің қандайына,
Татымады қу тірлік таңдайыңа.
Отырардан басталған ұлы сапар,
Ән жолдарын салыпты маңдайыңа.

Тырналардай көктегі тізілді өлең,
Жүз жылдық мұң жатыр ғой жүзіңде ерен…
Жанарыңның жазуын жасырады,
Темекіңнің түтіні үзілмеген…

Асулардан әнменен асу үлгі,
Түсінбеді тасырлар тасуыңды.
Ащысынан тірліктің ашынғанда,
Ащы судан алар ең ашуыңды…

Енді сенсің – еліңнің ұран-әні,
Әуеніңе кім шыдап тұра алады?
Әлдилеген даланы әндеріңнен,
Қазақстан картасы құралады…

Махаббаттың мәңгілік жасыл бағы,
Сыр сұлуы сырын еш жасырмады…
Ақ бантикті ұмытқан Ақмаңдайға,
Ақ жаңбырдай сезімің басылмады…

Мың бұлағы Тамдының шапқылап бар,
Құйылады кеудеңе атқылап нәр.
Ақ еркенің ақ қанат арманымен
Ақ Жайыққа айналар ақ бұлақтар…

Ықыласын жүрсең де көріп көптің,
Жалғыздықты жаныңа серік те еттің…
Сыймай кеткен кезінде ел ішіне
Сыған қызбен сырласып, еріп кеттің…

Ақсұңқарға өзіңді балады ма,
Ғашық етті Қара көз жанарына.
Іздеп өттің қаланы, даланы да…
Теріс мінез танытсаң қоғамыңа,
Теріскейдің тербелдің самалына…

Көкжиекке көгілдір көш кеткенде,
Көңіл ауып, қосылдым кештеп мен де…
Өмір – өзен…
Қайығын есіп келем,
Ес кеткенде айрылып ескектен де…

Көрікті әнің көп жерді көркем еткен,
Келем туған ауылға еркелеп мен.
Кейде сенің әніңе елтігенде,
Сөйлесемін Анаммен ерте кеткен…

Алаңсыз күн алыстап бар әдемі,
Сансыратты тағдырдың сан әлегі…
Қарапайым жер басып жүргізе ме,
Әуелетіп әкетті ән әлемі…

Айналдырып жібердің елді өлеңге,
Ұлылығын өнердің көрді әлем де…
Ән патшасы бәрінен биік болып
Ел патшасы еріксіз ерді әуенге…

Талантыңа талай ел таңдай қағып,
Бас бермей-ақ шабасың шалғайға алып…
Тұнған сезім тұла бой болғасын ба,
Есімің де кетті ғой әнге айналып…

Жасыра алар өмірдің кім шындығын,
Қадіріңді қайдан ел білсін бұрын…
Ескерусіз, елеусіз жүрген жерде
Ескерткіш боп еңселі тұрсын бүгін…

Жағасында Арыстың отырар кім?
Ойындасың жүректе оты бардың.
Оралдың ғой ән болып туған жерге
Тарқамайды тойы енді Отырардың!..

2010ж.

12 пікір жазылған

  • БЕЙНЕҢ ТҰР ӘН СҰРАП .
    Кезінде қайда қалдық дер салмастан ,
    Жан еді жаны жайсаң зер алмастан .
    Сезімнің куәгері мен жүремін
    Қалайша бұлқынбаймын жыр жазбастан .

    Намысын бермеймін деп шын қазақтың ,
    Ағыздың қырсауларын ән бұлақтың .
    Жұлқынып тұңғиықтан шыққаныңда
    Өнердің иесі болдың сан сұрақтың .

    Біреулер бұрмалайды нар тарихты ,
    Туралап айтып тұрмын бар шындықты .
    Тағдырдың уын ішіп жүргеніңде
    Еліңнен талай күттің сабырлықты .

    Бойымда от жанады сезілмеген ,
    Құшакка қарсы алдың сезімменен .
    Жан аға інің жүр ғой көппен бірге
    Қайталап әндеріңді өзіңменен .

    Достар жүр тойын тойлап , ойын ойнап ,
    Өздері қара бастың қамын ойлап .
    Көңілім жабырқайды осыларға
    Сұққылап жүрегімнен қаным қайнап .

    Ақ көңіл , кіші пейіл Шәмші ағам ,
    Арнадым жүрек жарды әнді саған .
    Кезіңде беріп едің ақ батаңды
    Кім қалды куә болар енді оған .

    Тек қана естелікпен толтырамын ,
    Шыймай сап ақ қағазға отырамын .
    Көз көркен қимас достар қайдасыңдар
    Өтірік айтар болсаң шошынамын .

    Бір елес жетелейді көкке қарай ,
    Бейнесі мәңгі қалды көпке тарай .
    Арманын бар қазақтың арқаладың
    Тапжылмай шыдас беріп өртке қалай ?

    Адамдық адалдықпен кештің өмір ,
    Ұлылар қатарында жүрсің әзір .
    Әнұран шырқалады әлем шарда
    Биіктен қарап тұрсың өзің кәзір .

    Өмірге шарықтатып ән қалдырған ,
    Ел – жұртын бар әлемге тамсамдырған .
    Бейнесін еске сақтап барлық ғасыр
    Шәмші деп ұрпақтарын қарсы алдырған .

    Жүрегің мәңгі тірі аңыз адам ,
    Енді бүгін кейбір досқа қайран қалам .
    Пенделік өткен шығар талайынан
    Соны жазып естелікке айналдырам .

    Өзіңсің дарқан далам салған әнің ,
    Жарқырап атқаныңда алтын таңың .
    Сыр шертем куә болып әндеріңе
    Толқын боп ағылғанда армандарың .

    Тамшылап тіршіліктен көздің жасы ,
    Қамшы боп өрілгенде сөздің сазы .
    Ақ Жайық жағасынан естіледі
    Қол бұлғап Еркежанның ерке назы .

    « Көк майса Алатаудың бөктерінде » ,
    Алматым гүл оранды кештерінде .
    Ән болып Ақмаңдайлым Индияда
    Ең алғаш шырқалғаны естерімде .

    Ақсұңқар көкке қарай қалықтады ,
    Елестеп көз алдымда әннің бәрі .
    Сәулесін суға шашып Арыс бойы
    Іздеді Сыр сұлуын « сәннің дәрі » .

    Бақыттың құшағынан би билетіп ,
    Сүйсіндік Ана жырға тебіреніп .
    Қайықпен көлдің беті нұрланғанда
    Қиялмен ұшқын ұшты самал есіп

    Қаракөз қадалғанда сырға тұнып ,
    Жігіттер қалай жүрсің нені ұғып .
    Қайдасың айлы жаздың бұлақ суы
    Көңілге арман болдың , орнатылып .

    Тұсынан терезеңнің күнде өтіп ,
    Тетігін табам ба деп , тірек етіп ?
    Кешікпей келем деп ең сен арайлым
    Көзіңнен сыр өзгерттің ішке кіріп .

    Жолықтың Дүнген қызға әнін тауып ,
    Таластың даласында алауланып .
    Қыз — жалғыз , біз– екеуміз танысқанда
    Ол — жалғыз , біз — екеуміз ғашық болып .

    Кең жайлау Жамбыл тауы Мойынқұмда ,
    Ару қыздар , сұлу қыздар сайрандауда .
    Сағындым Сағынышым әнім менің
    Шаттығым екі көзім жаутаңдауда .

    Көктемнің арай құсы Сандуғашым ,
    Сайрасаң шарлай бергін Қарлығашым .
    Шынымен Сүйген болсаң сағынарсың
    Лебізің Тамды Аруы ашылғаным .

    Төнгенде Шалқар түннен топ жұлдыздар ,
    Аққудай шомылады әппақ қыздар .
    Шығыстың ақ Шолпаны жолыққанда
    Күміс күн жанарына жүрек сыздар .

    Шынарым шешек жарған гүлдерімен ,
    Дел – сал ғып жан дүниең өзгерірген .
    Жан ерке тұнжыр бақта маужырама
    Қабақ аш , күл де ойна мезгілімен .

    Көріндің Ғашық күндер қартаймайтын ,
    Көміліп шалғындардан оралмайтын .
    Жарқ етіп Биші Қайың Көкшедегі
    Әлі тұр көкке өрлеп құламайтын .

    Сен сұлу бәрінен де өзгеше боп ,
    Мағжанды тірілтесің есіме сап .
    Бақытты құрбыларың шаттанады
    Қамқоршың Қосжан досың бірге боп .

    Ән салдың Сабырханмен Теріскей де ,
    Кеңейіп жазық дала өлкемізде .
    Құшағын саған жайған қандай адам
    Жәмила жеңешем ғой өзіңізге .

    Арманда бір қалаң бар Талдықорған ,
    Асқақтап асқар таулы күн шығыстан .
    Арайлап белес кені жарқырайды
    Қызына сырға таққан Жезказғаннан .

    Қоңыр кеш Түнгі оттар мүлгігенде ,
    От шашты поезд заулап беткейіңде .
    Қаратау қатпарланып қанат қақты
    Фосфорлы Жамбылымен жер бетінде .

    Ойласам айта берем қайсы бірін ,
    Жан аға шарықтаттың әнді бүгін .
    Ақ жүрек нар қасқалы қазағыңа
    Жол сілтеп сақталуда нұрлы күлкің .

  • ҚОС АРЫС .
    Сөзі , әні .
    Көтеріңкі . Серікбай Маханұлынікі

    Рухтарымен туған жерді демеуге ,
    Ел намысын жат қолына бермеуге .
    Қос бабамның топырағын Мысырдан
    Алып келдік Отырарға жерлеуге .
    Қайырмасы :
    Әл – Фараби , Бейбарыс ,
    Қазақ ұлы — қос арыс.
    Білім іздеп Мысырға
    Барған еді – жол алыс .

    Сырдың бойы Отырар ел – көңілді ,
    Көктегі Күн жадырады көрінді .
    Армандарың Әл – Фараби , Бейбарыс
    Орындалды – егеленгін төріңді .
    Қайырмасы :
    Алла өзін жаратқан ,
    Шам – шырағы қазақтан .
    Әруағын тәу еттік
    Білім нұрын таратқан .

    Қос мереке қазағыма дарысын ,
    Іздеп тапқан ғалымдарын данасын .
    Қолдай көргін Арыстан бап әулием
    Тағзым еткен Отырардың даласын .
    Қайырмасы :
    Әл – Фараби , Бейбарыс ,
    Тарихтағы толғаныс .
    Құт береке еліме
    Жайлы болсын бұл қоныс .

  • ҚОЖА АХМЕТ ИАССАУИ .
    Сөзі , әні .
    Толғаныспен . Серікбай Маханұлыніккі .

    Сан ғасырлар арылмай тұңғиықтан ,
    Жаттың қалай айтылмай бар шындықтан .
    Асыл бабам ояндың тар қапастан
    Оралғанда Ислам дін – Қазақстан .

    Қайырмасы :
    О –о –ой , О –о –о – ой …..
    Зиялылар арасынан тіл қаттың ,
    Дәру сұрап келгендерді жұбаттың .
    Әзірет Сұлтан Қожа Ахмет Иассауи
    Шайыр дарын – әділетті ұнаттың .

    Арыстан бап іздеген шәкіртісің ,
    Бір Алланың қолдаған тәңірісің .
    Алпыс үште пайғамбар жасын жасап
    «Қылуетті» қараңғы жерге түстің .

    Қайырмасы :
    Бақ орнаған қазақтың даласында ,
    «Мазарың» тұр күмбез боп Түркістанда .
    Сөлі қалған «құрманың» сүйегімен
    Ғарыптерді жебедің заманыңда .

    Қайырмасы

  • АМАН БОЛ БОЗБАЛА .
    Сөзі , әні
    Көтеріңкі жігермен . Серікбай Маханұлынікі .

    Есейсемде мен іздеймін Тараздан ,
    Жарқын бейнең елестейді Таластан .
    Сол бозбала аман болып , жас болып
    Жастығымды ұмыта алман еш қашан .

    Қайырмасы :
    Таразым меннің жыр мекен ,
    Жастығым сонда жүрмекен .
    Гүлдерге әсем оранып
    Желменен баяу таранып .
    Таластың бойын жағалап ,
    Бақтардың ішін аралап .
    Жүректе қалған сен ғана
    Өзімді сүйген бозбала ,
    Бозбала .

    Тербетесің сағынышқа жүректі ,
    Санауменен айлар , жылдар , күн өтті .
    Күлімдеген бал –– мінезді бозбала
    Армандадық , бірге арнап тілекті .

    Қайырмасы :

    Аман болсын сол бозбала жастығым ,
    Есімдесің туған жерім Таразым . Сұлулықтың — пәктігімнің белгісі
    Аққуың боп қанат қақтым Таласым .

    Қайырмасы :

  • ӨЗБЕК ҚЫЗЫ ЗУХРА .
    Сөзі , әні .
    Көңілді , еркін . Серікбай Маханұлынікі .

    Қара көзің мөп – мөлдір , қиғаш қасың ,
    Жарасады көп өрім ұзын шашың .
    Өзбек қызы , мінезің көркіңе сай ,
    Бір қазақтың жүрегін баурап алдың .

    Қайырмасы :
    Сандуғаштай сайраған ,
    Тамсамдырып ән салған .
    Өзбек қызы — Зухра қыз
    Қандай бақыт ойласаң .
    Өзге емес , бір саған ,
    Тамды Аруын сыйлаған .
    Осы әнін Шәмші де ,
    Саған арнап салдырған .

    Жаратылған келбетің сұлу мүсін ,
    Ғашық болған жігіттің сөзін түсін .
    Сағындырған қазақтың серілігін
    Таныс еттің өмірге сенім күшін .

    Қайырмасы :
    Неткен тұнық білімнің жолын тостың ,
    Еңбек етіп , еліңнің жырын қостың .
    Дәріс беріп , ұстаз боп шәкірттерге
    Ағылшынның тілінің сырын аштың .

    Қайырмасы :

    • Өзге емес , бір саған ,
      Тамды Аруын сыйлаған .
      Осы әнін Шәмші де ,
      Саған арнап салдырған .

      Серікбай акын-сазгер-ау! «Тамды аруы» өзбек қызына арналып жазылды дегенің қай сасканың? Егер сол Тамдыдан бір өзбектің моласын тауып берсең, мұрнымды кеңсірігімен кесіп беремін. Қайта сенін Шымкентіңде көп шығар өзбек. Ақсукентте көшеде келе жатқан 10 адамның тоғызы өзбек екенін өз көзіммен көргем. Тамды-қазақтың қаймағы бүзылмаған, дүниедегі ең таза қазақы аудан!

  • ҚОШТАСУ ҚЫЙЫН ҒОЙ .
    Сөзі , әні .
    Жабырқанып Серікбай Маханұлынікі .
    Саған арнап ән салам ,
    Сағындым ғой жан қалқам .
    Көптен бері көрмедік
    Кездесуге шақырам .
    Қайырмасы :
    Өзіңменен кездесу ,
    Бақытым ғой жүздесу .
    Өмір жолын ойласам
    Қыйын болар қоштасу .
    Ай сәулесі аспанда ,
    Нұрын жерге шашқанда .
    Самал есті шуақ боп
    Сен жүргенде қасымда .
    Қайырмасы :
    Алда жатыр бір асу ,
    Әнім болсын сырласу .
    Келші қалқам қасыма
    Қыйын болар қоштасу .
    Өмір сырын толғасам ,
    Жарың болып жалғасам .
    Бір сендік қой жүрегім
    Қалай ғана қоштасам .
    Қайырмасы :
    Мәңгі бірге жүрейік ,
    Жүрек сырын білейік .
    Қош айтысу қыйын ғой
    Махаббатты тербейік .

  • ТАҢ ШОЛПАН .
    Сөзі , әні .
    Вальс . Серікбай Маханұлынікі .

    Ақ ниетпен қуанам ,
    Жан жүрегім лүпілдеп .
    Атқан таңды қарсы алам
    Таң Шолпанын көрсем деп .

    Қайырмасы :
    Арайлысың Таңшолпан ,
    Көк жиектен күлімдеп ,
    Шырайлысың көк аспан
    Айналайын күнім деп .

    Тамылжыған шуақты ,
    Қыр гүлінен есесің .
    Жарқыратып шырақты
    Күн көзінен төгесің .

    Қайырмасы :
    Таңшолпаным мен саған ,
    Салатұғын әнім бар .
    Көңілімде аңсаған
    Айтатұғын назым бар .

    Қайырмасы :

  • ҚОЙМАЙАҚ ҚОЙ ЕСКЕРТКІШ !

    (досым Бөріхан Тәменовке)

    «Кеудеңнен кесіп бір досым ,
    Қояйық деді ескерткіш !
    Өнерге талай жыр қостым
    Емес қой ақын көрсеткіш
    Оландым өзім толғандым .

    Өлеңге бір сәт қараңдар ,
    Белгісін берді күйініш?
    Миымда тола санам бар
    Шабыттан болған сүйініш
    Таңқалма маған адамдар!

    Тас мүсін тұрар сән болып,
    Көктемгі түнгі ауадай .
    Азанғы таңға нәр толып
    Аспаннан жаңбыр жауадай.
    Тазалап бәрін жаңартып.

    Кірлеме көңіл былғанып ,
    Ескерткіш тұрсын жаңарып .
    Шыңдалған сөзден жыр қалып
    Тұлғасын тізді бар «алып» .
    Тарихқа тағдыр жар салып .

    Тірімін әзір асықпа ?
    Жазайын өлең дұрыстап .
    Қатарға тұру лайықпа ?
    Шашайын шашу уыстап !
    Маржанын сеуіп халыққа .

    Іздейін жырды бұлақтан
    Ұйқыдан ойды оятып .
    Көмейге келген сұрақтан
    Шалқысын шіркін ой артып .
    Шуағын төгіп қыраттан !

    Қоярға кәзір қақың жоқ ,
    Өмірден ақын өлмейді .
    Қайғымен өткен ақын көп
    Өлгеннен кейін іздейді.
    Халқымен бірге ел болып !

    Әзірге өзім тірімін ,
    Поезия берген шабыттан .
    Өлеңнің тосқан пірімін
    Ескерткіш толған табыттан
    Көрсетпе ақын өлімін ?!

    Өлмейтін бірақ пенде жоқ ,
    Мылжыңдап жүрер мазағын .
    Шындықты айтар әкім жоқ
    Өткірлеп өлең жазайын .
    Ол жерде маған орын жоқ !

  • ЖАЗЫЛҒАН ӨЛЕҢ ОҚ БОЛСЫН .

    Сөз маржанын дуалап көктен «пері»,
    Жаза алмадым жақсы жыр көптен бері.
    Күле алмадым,неліктен біле алмадым
    Ақындар көп өнерде неткен «сері».

    Жыр өрнегін бастайын енді қайдан,
    Ақын болсаң сөз тыңда сен Абайдан.
    Шырматылған қысқа жіп күрмелмейді
    Арылмасаң бір таңғы ұшқын ойдан.

    Күрсінеді жүрегім жүгенделген,
    Қан тамырым соғады білеуленген.
    Мақсатыма үлгі қып жетем десем
    Жасқанатын хақым жоқ біреулерден.

    Көп іздеймін кінәрат өлеңімнен,
    Табылса деп тәрбие әлемінен.
    Бей-жай болып шабыттан ұзай алмай
    Әндерім жүр өзіндік әуенімен .

    Қосжан , Бекен жыр төккен ақын екен,
    Қысқа ғұмыр «ит» екен – өлім деген.
    Қапысызда көз жұмды бұл өмірден
    Алды-артын болжатып ақылменен.

    Айбергенов қазақтың тойын бастар,
    Бірге жүрген кешегі аға-достар.
    Әндеріне Шәмшінің тәнті болып
    Мұқағали жанында өңшең жастар.

    Көзім көрді тәңірге жылағанын,
    Шындық үшін «мінәжат» сұрағанын.
    Өлеңдері болмаса құдыретті
    Көрер едің өнерден «сұлағанын».

    Өлең керек өмірге өткір тілді,
    Табалмасын оқырман ешбір мінді.
    Пікір айтып сынасын сыншыларың
    Қақ жарғандай меңіреу қара түнді.

    Жаралса деп өлеңім ақ алмастан,
    Тілдесемін шабытпен шаршамастан.
    Жазғандарым «оқ» болып тесіп өтсін
    Көңіліңе ешкімнің қарамастан!

айман үшін пікір үстеу X