Байыз тауып бар үні,
Тынып қапты айнала.
Тыныштықтың амыры
Бүлкілдейді жай ғана.
Салатұғын айдынға із
Сап тыйылған жел де тым.
Айна қылып ай-жұлдыз,
Қызықтайды өз келбетін.
Қыбыр етпей шөп басы,
Сыбыр етер үн де жоқ.
Жата кеткен тоқ басып,
Жота, беткей, жүлге көп.
Тұрмын мен де тырп етпей,
Ырыс түнге ынта артып,
Сатырлатып жыр төкпей,
Сары майдан қыл тартып…
Құм қойнынан құт өріп,
Жусап жатыр қара дөң.
Айлы түнннен сүт еміп,
Балбырайды ар әлем.
Сергектікті сезін сен,
Көңіліме түн ыстық.
Бірер сәтке көз ілсем,
Бұзылардай тыныштық…
Байыз тауып бар үні,
Тынып қапты айнала.
Тыныштықтың тамыры
Бүлкілдейді жай ғана.