Көшедегі кездесу

Көшеде тура кездескен әсем нұр қандай!,
Көркіңді көріп… көлігімменен тоқтадым…
Қауышып тұрдық, далада жалғыз тұрғандай,
Артымыздағы айқайлап кетті топ қалың…
Сен сүйген кезде білдім мен сөнбес шоқ барын…
Сөндіре алмай жүрмін ғой сезім оттарын…

Естілмей маған сигналдары көліктің,
Есімді жимай ес кетіп саған тұрдым мен…
Көшенің бәрін тоқтатып қояр көріктің,
Жүректі ғана сөйлететінін кім білген…
Бұл күнім артық бұлдырап өткен мың күннен,
Бірегей ару,
Бір хабар күтіп жүрмін мен…

Пікір жазу