Елді бөлетін «Ел бірлігінің» авторы кім?

Ал, алатайдай бүлдіргі Ассамблея – ашық заңдастырылған мина…

Бізде өзін идеолог санайтындар көбейіп кетті. Олар әр кезде негізі жоқ дүбара ұсыныстарды биік мінберге алып шығады да, елді дүрбелеңге салып қойып, дүрбімен қарап отыра береді. «Қазақстандық ұлт» шығып, тыныш жатқан елді «қазақ» және «қазақстандық» деп екіге бөлді. Оны кім жасады? Елбасына кім ұсынды? Енді соның өңін өзгертіп «Ел бірлігі» деген шықты. «Ел бірлігінде» сол мемлекетті құрап отырған негізгі ұлт – қазақ жөнінде бір ауыз сөз жоқ. Тап бір басқа мемлекеттен келген космополит жазып отырғандай. Сондай биік орындарда да осындай таяз ой, тайғақ тұжырымдар иелері болатынына таңқаласың. Қысқасы, «Қазақстандық ұлт» идеясы да, «Ел бірлігі» идеясы да, елді бөлуге, елге зиян тигізуге әрекеттенген, Елбасының саясатына қарсы жасалған тірлік деп бағаланып, оның авторлары айтылып, олар жауапқа тартылуы керек. Сонда әркім ойына келгенін қоғамға тықпалай бермейтін болады.


Қазыбек ИСА
№48-49

Пікір жазу