Жәннатқа
Егіліп көптен жүрегім, өзіңді аңсадым,
Төгіліп кеткен білемін, сезім моншағын…
Боздайды желді үн бір тынбай
Бозінген сарын…
Жаздайғы елдің жұртындай езілген шағым…
Айтатын күнде ғашықтың зарын білсе еді…
Қайтатын күнге асықпын,
Сағындым сені…
Сапарым бітпей алдымда жатқан сан мекен,
Атарын күтпей таңның да, аттансам ба екен…
Егіздер үшін ең ыстық неге сыңары?..
Мені ізде, құсым…
Кеңістік көресің әлі…
Бағыма біткен тұр гүлім
Уақытқа шыдар…
Сағына күткен бір-бірін
Бақыт та шығар…
06.06.1996.
Мынадай басынан аяғына дейін, барлық 13 буыны түгел сыңғырлап ұйқасатын өлеңді қазақ поэзиясынан әлі оқып көрмеппін… Қарапайым тарихшы менің өзім бірден байқадым, сыншыларымыз бен әдебиетшілеріміз қайда қарайды екен…
Егіліп көптен жүрегім, өзіңді аңсадым,
Төгіліп кеткен білемін, сезім моншағын…
Боздайды желді үн бір тынбай
Бозінген сарын…
Жаздайғы елдің жұртындай езілген шағым…
Иә, бұл поэзиядағы жаңалық! Бізде ең көп буын ұйқасы ары кетсе, 5 буыннан аспайды…. Ал мұнда тіпті 13 буын түгел ұйқасып тұр! Керемет жетістік!
Айтатын күнде ғашықтың зарын білсе еді…
Қайтатын күнге асықпын,
Сағындым сені…
Қазыбек Иса қазақ поэзиясындағы тосын жаңалығы – «Дерттізар» жыры формасын жалғастыруы керек деп ойлаймын. Бірақ… мұндай өлең, 13
буын ұйқаспен қүйылып түсу екінші рет болмайтын шығар…