Қазақтың игі дәстүрі бар, ауырып қалған адамның көңілін сұрай баратын. Бұның бір жанға демеу, жақсы іс екенін ауырған адам ғана біледі. Бүгін Азат бауырым арнайы келіп, көңілімді сұрап, хал- жағдайымды біліп кеткенде бұған тағы да анық көзім жетті.
Азекең алдын-ала айтпай, (ешнәрсеге әуреленбесін деген болуы керек) бірден хабарласып, келе жатқандарын айтты. Қасында көмекшісі Санжар бар екен. Демалыс күні болғасын беймаал жүрген іүйдегі ең басты қонақ күтуші (біз мейманмен бірге мейман боламыз ғой) Жәннат жеңгесі абыр-сабыр болып, әйтеуір жарты сағатта дастарханын жайып та, етін салып та үлгеді
Азекеңнің келуімен Арқадан астаналық ағайындар, «Ақ жол» көшіп келгендей болды.Әзірет баламызға ақылын айтып, өздері күзде ақ баталарын берген Шырын келіннің иіліп сәлем салғанына қатты риза болып, Иманғали немереміздің маңдайынан иіскеп, көз тимесін деп, түкіріп қойды.
Арқа-жарқа әңгімемен ауруымыз да қашып кеткендей болды. Екі айдан бері үйден шықпай жатқан мен кеше ғана Алаш арыстары туралы «Тар заман» киносын көру үшін ғана сыртқа шыққан едім. (Бұл киноны бар қазақ көруі керек). Енді міне Азекеңнің Арқадағы достардан ақ тілек арқалап келуімен аяғымнан тік тұрып кеттім десе де болады. Алла жар болсын!
Өткенде де тобығым шығып, топтан қалып, оңаша жатқанда қазақтың белгілі журналист-ақындары Сәкен Сыбанбай, Әлібек Шегебай, Бекжан Әшірбек бастаған інілерім келіп, көңіл сұрағанда, бір тұрып кетіп, Моңғолиядағы Әлемдік ақындар фестифалынан бір-ақ шыққаным бар еді…
Одан кейін өткенде Нұркен, Өмірбек, Қуаныш6 , Бауыржан секілді кластас достарымыз Гүлбану, Гүлмира, Элмира,, Лаурадай сұлуларды бастап келгенде де қуанып қалдық.
«Аурудың емі – саудың сәлемі» дегенді атам қазақ қалай тауып айтқан деп, риза болып отырған жайымыз бар.
Енді міне, жас жазушы Еркінбек Серікбай інім де хабарласып жатыр, көңіліңізді сұрап, кіріп шығайын деп….
Көңілдеріңізді бір Алла көтерсін!
«Бірінші байлық – денсаулық» деген сөздің мәнін ауырғанда біледі екенсің.
Дәйім, дендеріңіз сау болсын, ағайын!
Қазыбек ИСА
Ем шипалы болсын аға! Тезірек сауығып шығыңыз.
Әумин, рахмет, Дос бауырым!
Сіздей халықтың адамы шапқылап, қимылдап жүріп ауыра ма екен. Ауырмаңыз!
Сіздей азаматтар елге керек! Тезірек жазылып кетіңіз.
Қазағам ауырып емес, жеңешеме еркелеп жатқан ғой. Азекеңнің азаматтығына Алла разы болсын!
Қазбек, қайырлы күн!
Алғашқыда аса көңіл аудармаған едім. Біршама науқастаныпсың. Сырқат қармен кетіп,саулық ақ жауынмен келсін.Сөз түсінесің ғой- Ауырып тұрдың,аунап тұрдың,-деген бар. Аунап тұрдың болып қалсын.Өткен жолы оқығам, операция жасалғанын.
Бізде көктем басталды. Бірлестік атынан жас ақындар байқауын ұйымдастыруды жоспарлап, құдайқаласа,ертең өткіземіз.
Дін аман бол!
Қазыбек нағашы ауырмаңыз, тұрыңыз!
Нағашы, сіздің ауырғаныңызды есітіп, сайтыңызда бұл жолы «аға» емес «нағашы» деп атадым.
Өткен жолы ауырғаныңызда ақын інілеріңіз көңіл сұрап келгенде, ауруды жеңген шабытыңыз Монғолиядан бірақ шығарды емеспе?.Бұл жолы да үлкен қуаныштың сізге келері əбден мүмкін яғни Азат ағамыздың достар сəлемін жеткізіп, ақ көңілі өзіңізді тағы да шабыттандырды!Ағамызға үлкен алғыс айтамыз. Сонымен қатар Сіз, халық сұраған қазақы төл дыбыстарымыз жайлы өткен мақалаңызда …»ешкімге зияны жоқ, ізгі ниетті і əрпіміз» деп бағалаған яғни «басы бүтін бас əрпімен қайтарып беріңіздер» деп жаздыңыз. Қайтып келер деген үміттеміз.
Халықтың жырын, арманын, қамын жалпы рухын қашанда нəзік қылқаламының ұшымен, ұшан-теңіз асқақ ойымен, өткір қайсар тілімен, батыл-рухты жігерімен жарыққа баяндайтын еліміздегі өз орныңыз бөлек ірі тұлғасыз. Еңбегіңіз сізді тек жоғарыға жетелесін, құдіретті алла-тағала сізге шипа берсін! Аумин.
АУРУДЫҢ өзін ақкөңіл дана сөзіңізбен қарсы алып КӨҢІЛ СҰРАУ-КӨҢІЛДІ КӨТЕРІП ҚАНА ҚОЙМАЙ, АУРУДЫ ЖАЗАДЫ деп жылы шығарып салып отырсыз (біз жастарға үлгі болсын). Сізді өзіне жақындатқан «Тар заман» киносы кешегі өткен Алаш арыстарымыз туралы жүрегіңізді елеңдеткені Отанға деген ыстық махаббатыңыздың дəлелі емеспе. Сізге шабыт берген кино режиссерына үлкен алғысымызды айтамыз жəне киноны көруге асығамыз.
АУЫЛ ТҮТІНІ
Ойланып. Сөзі,әні.Серікбай Маханұлынікі.
Сағынып келсем алыстан,
Ауылдан түтін жарысқан.
Будақтап барады жол шегіп
Көктегі бұлтпен табысқан.
Қайырмасы:
Киелі едің сен маған,
Босағаң берік атанған.
Қашаннан бері мерейлі
Меймандос елім аталған.
Есігін ашып ауылдың,
Мінезін көрмей дауылдың.
Туған жер қандай ыстықсың
Таудағы жауған жаңбырдың.
Қайырмасы:
Түтіні көкке өрлеген,
Намысын бермей тербеген.
Анамның берген уызын
Әлдиге салам мен деген.
Қайырмасы:
АНА ПАРЫЗЫ
Емін-еркін. Сөзі , әні Серікбай Маханұлынікі
Есік ашып дүниеге мен келдім,
Ащы – тұщы өмірімді меңгердім .
Арқасында жан анашым сен үшін
Жазираның шоқ гүлдерін теңгердім.
Қайырмасы:
Ана жаным саған арнап сәлемін,
Жиыстырып асыл затын әлемнің.
Іздестірдім соның бәрі бірақта,
Әлі күнге, қайран қалып келемін .
Есейсемде нұр жүзіңді көруге,
Сағынамын , асығамын беруге.
Не айтасың сыйла деген анаңды
Ұмытпаспын «қағиданы» өтеуге.
Қайырмасы:
Бәйек болып жүрушедің аман бол,
Шаттық өмір, сүргеніңде адам бол.
Орындағын «парызымды» әр уақыт
Айтқан сөзің «жұмақ» болды заман бұл.
Қайырмасы:
ІЗДЕДІМ СЕНІ
Толғанып. Сөзі, әні Серікбай Маханұлынікі.
Іздедім сені таппадым,
Асылдан туған аппағым.
Биікте тұрған қол жетпес,
Жауқазын болды жас шағым. . Қайырмасы:
Даланы кездім шөлейтті,
Дәлелі жоқтың көбейтті.
Көргенде жарқын бейнеңді,
Лүпілдеп жүрек жаңартті.
Сұрадым жаным орманнан,
Кезіксең кеттің қырманнан.
Қайдасың айтшы сүйгенім,
Көңілім болсын қорғаннан. .
Қайырмасы:
Сәулесін шашып оянып,
Шығады күнім боянып.
Барлығы соның өзің боп,
Теңедім қалқам ойланып.
Қайырмасы:
АРҚАЛЫҚ ӘНІМ
( Қалима Әбішоваға )
Жер боларма Арқалықтай жайнаған ,
Әнге тербеп қызу еңбек қайнаған .
Ырғатылып ақ бидаймен таң нұры,
Желдей есіп сәулесінен ойанған ..
Көркің жаңа сымбатымен тізілген,
Арқалықты бұрын-соңды кім білген.
Жастықпенен жүргенімде япырмай
Көңілімнен кетер емес қыз деген.
Толқындаған сар даланың байлығын,
Тиеп жаттық машинаға астығын .
Қолтықтасып ақ алтынды қырқадан,
Жүзіп келем еске алып жастығын .
Арқалықтың ақ таңында келеміз .
Келші жаным бір болайық екеуміз,
Бірге ойлап бақытымды шаттақпен,
Жүрек қылын әнге салып шертеміз.
СЕН ТУЫЛҒАНДА .
Туылғанда бесігіңді тербетіп,
Ата – әжең отырыпты көрсетіп.
Бергеніне бір Алланың шүкір деп
Аман болсын өмірінде ежетіп , Барық кезде жас келінге үйретіп.
Қандай қызық ұқсайдыма шөберем,
Нағашысын бұрын–соңды көрмесем.
Ауымайды көргенімде нәресте
Суретінен көріп тұрып сүймесем,
Неге жүрмін дүниеде келмесем.
Өсе бергін арғы бабаң секілді,
Атақ қумай қорғап өткін жеріңді.
Батыр болып жігерленіп соларлай,
Көрсете біл Бауыржандай көркіңді,
Жалғастырып барша елге үлгіңді.
Өткен іске, зер салып қарасаң ,
Зор адамдар болған екен орасаң.
Тас дәуірі пайда болып ең алғаш ,
Атқарыпты тірліктерін санасаң,
Пышақтарын қайрақпенен қайрасаң.
Жер бетінде мұздар еріп су толып ,
Орман , таулар жаратылды ну болып .
Жаратылыс табиғатын жаратқан ,
Пенделерге бір Құдайым оң болып,
Аққу қонып, құстар ұшты топталып,
Көлдер жатты айдынында тұнық боп,
Зырылдауық көкке ұшты анық боп..
Оқып үйрен , осыларды меңгерген,
Жүрегімен атқарады аман боп,
Шөбереме мен айтамын арман ғып.
Таулы өлке, қандай әсем доланаң,
Баурайында көз тартады қарасаң.
Сұлулықтың бәрін берген табиғат
Ықтиярсыз қарай бердің сен маған,
Шындық сөзге жауап берсем мен оған.
ҚАРАЙЛАДЫМ
Тебірене. Сөзі, әні Серікбай Маханұлынікі.
Атты таңым жарық боп арайланып,
Бақытымды көргенде қырайналып.
Сағынғанан ойланып қарай берем,
Кездесуге келгенде шырайланып.
Қайырмасы:
Сұлулықты көңілім сұрағанша,
Нұр жүзіңе қарадым неге сонша.
Мейлі жүрек қапысыз жылауменен,
Күтудемін өмірден құлағанша.
Сенен басқа ешкімді қаламаймын,
Әсемдікті өзіңнен армандаймын.
Сиға берген табиғат көркемдігін,
Қарсы алам, бірақта сұрамаймын. .
Қайырмасы:
Кеттің қайда сағым боп мені тастап,
Жыр ойнатып күйіңмен маған арнап.
Жасымаймын тік тұрып барлығына,
Жауап берем сондықтан саған жасап.
Қайырмасы:
ДАЛА СЫРЫ
Күркіреп көктем келді зыр айналып,
Құлпырып көктер енді қайталанып.
Басталды тіршілігін тірі жандар,
Тірлігін атқарумен пайдаланып.
Топтанып құстар ұшты сайрандаумен,
Қиқулап әнге салды сайрауменен.
Даланың көк майсалы жерлер жатты,
Жамылып сырға толып жайлауменен.
Жаралған қандай көркем табиғатта,
Еріксіз көз тартады әр уақытта.
Қарасаң жанған оттар ошақтағы,
Лаулайды көкке қарай бір қабатта .
Аспанда бұлттар көшіп жыр ойнайды,
Тұралмай бір орнында зыр қайнайды .
Япырмай дала жатыр аң-таң болып,
Майданы болашақтың нұр жайнайды.
АЙДЫНЫҢНАН
Көңілді. Сөзі , әні Серікбай Маханұлынікі.
Аққудың қанатынан жаралғандай,
Сәулешім бір өзіңе таңқалғандай.
Сол кешке асығамын кездесуге,
Іштегі сағынышым таралғандай.
Қайырмасы: .
Көптен күткен жан сырым,
Жүрегіммен аңсадым.
Кел екеуміз ән шырқап,
Айдыныңа жар салып, .
Көңілімді қарсы алдым.
Сарғайып күтудемін арманымда,
Алаулап жаңа таңым атқанымда.
Желпініп биіктегі тау самалым
Жетемін күйің болып асқарыма.
. Қайырмасы:
Аққудай таранасың қанатыңмен,
Жүзгенде көл бетінде жанарыңмен.
Ұқсатам көз тұндырып қарайладым,
Сүйгенім шын өзіңдей болармекен.
Қайырмасы:
АУЫЛ ТҮТІНІ
Ойланып. Сөзі,әні.Серікбай Маханұлынікі.
Сағынып келсем алыстан,
Ауылдан түтін жарысқан.
Будақтап барады жол шегіп
Көктегі бұлтпен табысқан.
Қайырмасы:
Киелі едің сен маған,
Босағаң берік атанған.
Қашаннан бері мерейлі
Меймандос елім аталған.
Есігін ашып ауылдың,
Мінезін көрмей дауылдың.
Туған жер қандай ыстықсың
Таудағы жауған жаңбырдың.
Қайырмасы:
Түтіні көкке өрлеген,
Намысын бермей тербеген.
Анамның берген уызын
Әлдиге салам мен деген.
Қайырмасы:
АНА ПАРЫЗЫ
Емін-еркін. Сөзі , әні Серікбай Маханұлынікі
Есік ашып дүниеге мен келдім,
Ащы – тұщы өмірімді меңгердім .
Арқасында жан анашым сен үшін
Жазираның шоқ гүлдерін теңгердім.
Қайырмасы:
Ана жаным саған арнап сәлемін,
Жиыстырып асыл затын әлемнің.
Іздестірдім соның бәрі бірақта,
Әлі күнге, қайран қалып келемін .
Есейсемде нұр жүзіңді көруге,
Сағынамын , асығамын беруге.
Не айтасың сыйла деген анаңды
Ұмытпаспын «қағиданы» өтеуге.
Қайырмасы:
Бәйек болып жүрушедің аман бол,
Шаттық өмір, сүргеніңде адам бол.
Орындағын «парызымды» әр уақыт
Айтқан сөзің «жұмақ» болды заман бұл.
Қайырмасы:
ІЗДЕДІМ СЕНІ
Толғанып. Сөзі, әні Серікбай Маханұлынікі.
Іздедім сені таппадым,
Асылдан туған аппағым.
Биікте тұрған қол жетпес,
Жауқазын болды жас шағым. . Қайырмасы:
Даланы кездім шөлейтті,
Дәлелі жоқтың көбейтті.
Көргенде жарқын бейнеңді,
Лүпілдеп жүрек жаңартті.
Сұрадым жаным орманнан,
Кезіксең кеттің қырманнан.
Қайдасың айтшы сүйгенім,
Көңілім болсын қорғаннан. .
Қайырмасы:
Сәулесін шашып оянып,
Шығады күнім боянып.
Барлығы соның өзің боп,
Теңедім қалқам ойланып.
Қайырмасы:
АРҚАЛЫҚ ӘНІМ
( Қалима Әбішоваға )
Жер боларма Арқалықтай жайнаған ,
Әнге тербеп қызу еңбек қайнаған .
Ырғатылып ақ бидаймен таң нұры,
Желдей есіп сәулесінен ойанған ..
Көркің жаңа сымбатымен тізілген,
Арқалықты бұрын-соңды кім білген.
Жастықпенен жүргенімде япырмай
Көңілімнен кетер емес қыз деген.
Толқындаған сар даланың байлығын,
Тиеп жаттық машинаға астығын .
Қолтықтасып ақ алтынды қырқадан,
Жүзіп келем еске алып жастығын .
Арқалықтың ақ таңында келеміз .
Келші жаным бір болайық екеуміз,
Бірге ойлап бақытымды шаттақпен,
Жүрек қылын әнге салып шертеміз.
СЕН ТУЫЛҒАНДА . ( Дияс шөбереме )
Туылғанда бесігіңді тербетіп,
Ата – әжең отырыпты көрсетіп.
Бергеніне бір Алланың шүкір деп
Аман болсын өмірінде ежетіп , Барық кезде жас келінге үйретіп.
Қандай қызық ұқсайдыма шөберем,
Нағашысын бұрын–соңды көрмесем.
Ауымайды көргенімде нәресте
Суретінен көріп тұрып сүймесем,
Неге жүрмін дүниеде келмесем.
Өсе бергін арғы бабаң секілді,
Атақ қумай қорғап өткін жеріңді.
Батыр болып жігерленіп соларлай,
Көрсете біл Бауыржандай көркіңді,
Жалғастырып барша елге үлгіңді.
Өткен іске, зер салып қарасаң ,
Зор адамдар болған екен орасаң.
Тас дәуірі пайда болып ең алғаш ,
Атқарыпты тірліктерін санасаң,
Пышақтарын қайрақпенен қайрасаң.
Жер бетінде мұздар еріп су толып ,
Орман , таулар жаратылды ну болып .
Жаратылыс табиғатын жаратқан ,
Пенделерге бір Құдайым оң болып,
Аққу қонып, құстар ұшты топталып,
Көлдер жатты айдынында тұнық боп,
Зырылдауық көкке ұшты анық боп..
Оқып үйрен , осыларды меңгерген,
Жүрегімен атқарады аман боп,
Шөбереме мен айтамын арман ғып.
Таулы өлке, қандай әсем доланаң,
Баурайында көз тартады қарасаң.
Сұлулықтың бәрін берген табиғат
Ықтиярсыз қарай бердің сен маған,
Шындық сөзге жауап берсем мен оған.
ҚАРАЙЛАДЫМ
Тебірене. Сөзі, әні Серікбай Маханұлынікі.
Атты таңым жарық боп арайланып,
Бақытымды көргенде қырайналып.
Сағынғанан ойланып қарай берем,
Кездесуге келгенде шырайланып.
Қайырмасы:
Сұлулықты көңілім сұрағанша,
Нұр жүзіңе қарадым неге сонша.
Мейлі жүрек қапысыз жылауменен,
Күтудемін өмірден құлағанша.
Сенен басқа ешкімді қаламаймын,
Әсемдікті өзіңнен армандаймын.
Сиға берген табиғат көркемдігін,
Қарсы алам, бірақта сұрамаймын. .
Қайырмасы:
Кеттің қайда сағым боп мені тастап,
Жыр ойнатып күйіңмен маған арнап.
Жасымаймын тік тұрып барлығына,
Жауап берем сондықтан саған жасап.
Қайырмасы:
ДАЛА СЫРЫ
Күркіреп көктем келді зыр айналып,
Құлпырып көктер енді қайталанып.
Басталды тіршілігін тірі жандар,
Тірлігін атқарумен пайдаланып.
Топтанып құстар ұшты сайрандаумен,
Қиқулап әнге салды сайрауменен.
Даланың көк майсалы жерлер жатты,
Жамылып сырға толып жайлауменен.
Жаралған қандай көркем табиғатта,
Еріксіз көз тартады әр уақытта.
Қарасаң жанған оттар ошақтағы,
Лаулайды көкке қарай бір қабатта .
Аспанда бұлттар көшіп жыр ойнайды,
Тұралмай бір орнында зыр қайнайды .
Япырмай дала жатыр аң-таң болып,
Майданы болашақтың нұр жайнайды.
АЙДЫНЫҢНАН
Көңілді. Сөзі , әні Серікбай Маханұлынікі.
Аққудың қанатынан жаралғандай,
Сәулешім бір өзіңе таңқалғандай.
Сол кешке асығамын кездесуге,
Іштегі сағынышым таралғандай.
Қайырмасы: .
Көптен күткен жан сырым,
Жүрегіммен аңсадым.
Кел екеуміз ән шырқап,
Айдыныңа жар салып, .
Көңілімді қарсы алдым.
Сарғайып күтудемін арманымда,
Алаулап жаңа таңым атқанымда.
Желпініп биіктегі тау самалым
Жетемін күйің болып асқарыма.
. Қайырмасы:
Аққудай таранасың қанатыңмен,
Жүзгенде көл бетінде жанарыңмен.
Ұқсатам көз тұндырып қарайладым,
Сүйгенім шын өзіңдей болармекен.
Қайырмасы:
cialis price comparison no prescription cialis inr where to buy cialis soft tabs
https://gcialisk.com/ – cialis 20mg for sale