АЙ келбетті АЙСӘФИ қызға
Қадірменді Роза құдағиды және құдаларды немерелері ай келбетті Айсәфидің тұсауы кесіліуі құрметімен құттықтап, қадамына Ақ жол тілейміз! Он екі айдың сұлтаны – қасиетті Рамазан айындағы тұтқан Оразаларыңыз құтты болып, Айсәфи атты ару қызымыздың қадамы мықты болсын! Алла жар болып, алдынан Ақ жол ашылсын!
Құтты болсын қадамың,
Мықты болсын талабың!
Атыңа сен лайық
Ардақты бол қарағым!
Кесіледі тұсауың,
Шешіледі күш-ағын.
Асылына әлемнің
Ашық болсын құшағың!
Халқыңа боп көп үлгің,
Қиялардан көрінгін!
Дәруі бол жұртыңның,
Аруы бол еліңнің!
Қызыр болсын жолдасың,
Әруақтар қорғасын!
Жарқырасын жүлдызың,
Алла дәйім қолдасын!
Ізгі тілекпен ата-апаларың Қазыбек -Жәннат және нағашыларың.
Астана – Алматы – Шымкент – Шардара – Қызылқұм – Қоңырөлең